Бүгін қалалық ипподромда облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен Қызылорданың астана болғанына 100 жыл толуына орай және Қала күні аясында «Алтын күз – 2025» ұлттық ат бәйгесі өтті. Оған Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары, зиялы қауым өкілдері қатысты.
Сыр еліндегі дүбірлі додада еліміздің әр аймағынан келген 70-ке жуық шабандоз бақ сынап, жеңімпаздар анықталды.
Атап айтсақ, 5 шақырымдық тай жарыста І орынды Жамбыл облысынан Нұрислам Амангелді, ІІ орынды Шиелі ауданынан Төрехан Бейбарыс, ІІІ орынды Жамбыл облысынан Әбіқадыр Санжар жеңіп алды.
11 шақырымдық құнан бәйгеде І орынды Сырдария ауданынан Абдулашим Рамазан, ІІ орынды Шиелі ауданынан Рамазан Нұрлыбекұлы, ІІІ орынды Жалағаш ауданынан Рауан Нартайұлы иеленді.
15 шақырымдық тоқ бәйгеде І орын Жамбыл облысынан келген Нұрасыл Танатқа, ІІ орын Алматы облысынан келген Болат Әбдікәрімге, ІІІ орын жаңақорғандық Төрехан Сұлтанға бұйырды.
25 шақырымдық аламан бәйгенің І орны Ұлытау облысынан Болат Әбдікәрімге, ІІ орны Жамбыл облысынан Орынбасар Нұрымға, ІІІ орны Жамбыл облысынан Мақсат Нұржігітке табысталды.
Жүлделі орын иелеріне ақшалай сертификаттар берілді.




Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі