Жұма, 22 қараша, 13:51

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

«Жер аманаты»: Былтыр аймақта 256 жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылған

23.05.2023

301

0

 «AMANAT» партиясы облыстық филиалының Атқарушы хатшысы БАҚ өкілдеріне баспасөз мәслихатын өткізді. Онда сайлаудан кейінгі кезеңде партия филиалымен атқарылған жұмыстар туралы кеңінен айтылды.

Партия филиалының Атқарушысы хатшысы партия алдындағы міндеттердің бірі сайлауда берген уәделердің іске асырылуы екенін айтты.

Жалпы «AMANAT» партиясының Қызылорда облысы бойынша Сайлауалды бағдарламасы облыстық филиалдың конференциясында 2 ақпанда бекітілген. Бағдарламада аймақтың негізгі проблемалары мен басқа да өзекті мәселелерінің шешілу жолдары белгіленіп, 5 бағытқа топтастырылған. Оны іс жүзінде тиімді іске асыру үшін арнайы Жол картасы әзірленіп, 121 іс-шарадан тұратын Жол картада Сайлауалды бағдарламада көзделген барлық іс-шаралар мен көрсеткіштер ескерілген және әр жылға бөлінген. Қызылорда қаласы мен барлық аудандарды қамтылған. Әрбір шараның іске асыру уақыты мен жауапты орындаушысы және мәслихаттағы жетекшілік ететін фракция мүшесі де белгіленген»,- деді Атқарушы хатшы.

Сайлауалды үгіт жұмыстары кезінде партия филиалына тұрғындардан 1223 ұсыныс-тілек түскен. Олардың 91-і республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесі арқылы ҚР Парламенті Мәжілісіне жолданған. 210 ұсыныс партияның жаңа Жол картасына енгізілген. 456 ұсыныс қайталанбалы. Ал қалған ұсыныстар қоғамдық қабылдау мамандарымен бақылауға алынып, қосымша жұмыстар жасалуда. Жалпы мұнан бөлек, партияның айнасы болып табылатын қоғамдық қабылдау бөлмелерінде есепті кезеңде аумақтық филиалдармен барлығы 148, атқарушы органдармен 38 және 29 тақырыптық қабылдаулар өтіп, тұрғындардан түскен өтініштердің 58,5% оң шешілген. Қосшыңырау ауылдық округінде көшпелі қоғамдық қабылдау, Жаңақорған ауданының Өзгент және Қыркеңсе ауылдарында Мобильді қабылдаулар ұйымдастырылып, тұрғындарға «Ауыл аманаты» партиялық жобасы бойынша және тұрғындарды алаңдатқан өзге де сауалдарға түрлі басқармалар мен бөлімдер және заңгерлер кеңестер берілген. Биылғы жылға 16 мобильді қабылдау мен 25 мамыр күні жас мамандарды жұмыспен қамту және жастарға мемлекет тарапынан беріліп жатқан мүмкіндіктер бойынша арнайы Ашық есік күнін өткізу жоспарланып отыр.

Партиялық бақылау комиссия өкілдерімен аймақтағы азық-түлік, дәрі-дәрмек және жанар май бағаларының тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында 274 сауда нысанына, 115 дәріханаға, 105 жанар май құю бекеттеріне талдау жұмыстары жүргізілген. Мұнан бөлек Партиялық бақылау бекеттері орнатылған нысандарға ай сайын мониторинг жұмыстары жүргізілуде. Өткен жылы 25 нысанға бақылау бекеттері орнатылған болса, қазіргі таңда олардың 18 жұмыс атқаруда. Қалған нысандар пайдалануға берілді.

Партиялық жобалар да аясында да ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Мәселен, «Ауыл аманаты » жобасын іске асыру бойынша облысқа 2023 жылға 3,0 млрд. теңге қаржы бөлінді. Аймақ басшысының бастамасымен «Ауыл аманаты» жобасы аясында жеңілдетілген несиелендірумен облыстың барлық ауылдарын қамту мақсатында қосымша қаражат қарастыру жөнінде ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіне 19,5 млрд. теңгеге қосымша бюджеттік өтінім жолданды.

«Жер аманаты» жобасы бойынша былтыр облыста 150 мың гектар қайтару көзделген болса, жоспар артығымен орындалып, көлемі 157,1 мың га болатын 256 жер учаскелері мемлекет меншігіне қайтарылған. Биыл да жоба аясында облыста 200 мың гектар заңсыз немесе пайдаланусыз жатқан жерлерді мемлекет меншігіне қайтару жоспарланған. Бүгінгі күні жоспар 34,6% орындалып, 69,2 мың гектар жер учаскелері қайтарылған. Партияның «Ардагерлерді ардақтайық», «Кедергісіз келешек», «Еңбек адамы», «Ұлттық мұра» жобалары аясында және партия жанындағы қоғамдық кеңестермен атқарылған жұмыстар ауқымды. Партия филиалымен облыс көлеміндегі кездесулер мен жиындардан бөлек республикалық деңгейдегі іс-шаралар да кезең- кезеңімен өткізілуде.

Жалпы партия сайлаудан кейінгі кезеңде өз жұмысын күшейтіп қана қоймай, Сайлауалды бағдарламасында және алға қойған басқа да міндеттерге сай еңбек етіп, жұмысында жаңа қадамдар жасауда. Бүгінгі аталып отырған шаралар партия филиалдарымен жасалған жұмыстардың бір бөлігі ғана.

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика