Қазалы ауданының прокуроры қызметін атқарған Бақытжан Мырзабаев Қызылорда облысы прокурорының орынбасары болып тағайындалды.
Мырзабаев Бақытжан Әбдіжаппарұлы 10.03.1978 жылы дүниеге келген.
1996-2000 жылдары Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институттың заңгер мамандығын алған.
2003 жылдан бастап Қызылорда облыстық прокуратура органдарында қызметін бастаған.
2006-2008 ж.ж. – Қызылорда қаласы прокурорының аға көмекшісі қызметін атқарған.
2008-2009 ж.ж. – Қызылорда қалалық прокуратурасының бөлім бастығы қызметін атқарған.
2010-2013 ж.ж. – Қызылорда облыстық прокуратурасының басқарма бастығының орынбасары қызметін атқарған.
2014-2017 ж.ж. – Қармақшы ауданының прокуроры қызметін атқарған.
2017 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Қазалы ауданының прокуроры қызметін атқарады