Жұма, 22 тамыз, 19:44

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Ата бейіт» ұлттық тарихи-мемориалдық кешеніне гүл шоғын қойды

22.08.2025

11

0

kz1 4898 2 (1)
Фото: Akorda.kz

Қырғызстан, Бішкек қаласы

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қырғыз Республикасына ресми сапары «Ата бейіт» ұлттық тарихи-мемориалдық кешеніне зиярат етуден басталды, деп хабарлайды Akorda.kz.

Мұнда Отанына әр кезеңде қалтқысыз қызмет еткен қырғыз халқының даңқты перзенттері, сталиндік репрессия құрбандары жерленген. Кешенге «Ата бейіт» атауын жазушы Шыңғыс Айтматов ұсынған.

Мемлекет басшысы мемориалдық кешен аумағындағы 1916 жылғы үркіншілік құрбандарына арналған ескерткішке гүл шоғын қойды.

Бұдан кейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қырғыз халқының кемеңгер жазушысы Шыңғыс Айтматовтың бейітіне зиярат етіп, қаламгердің рухына Құран бағыштады.

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика