Жұма, 22 қараша, 13:44

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Исламбек Төлегенов жаңа қызметке тағайындалды

08.08.2022

784

0

Қызылорда облысы прокурорының бірінші орынбасары болып аға әділет кеңесшісі Төлегенов Исламбек Тынарбайұлы тағайындалды.

Төлегенов Исламбек Танырбайұлы прокуратура органдарындағы қызметін 1998 жылы Қызылорда облысы Жалағаш ауданы прокурорының көмекшісі лауазымынан бастаған.

Әрі қарай Қызылорда қалалық прокуратурасының бөлім бастығы, облыстық прокуратураның басқарма бастығының орынбасары, Сырдария, Шиелі аудандарының прокуроры, Қызылорда қаласы прокурорының орынбасары, облыстық прокуратураның кадр жұмысы басқармасының бастығы, Бас Прокурордың аға көмекшісі қызметтерін атқарған.

2020 жылдан бастап бүгінгі күнге Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының өтініштермен жұмыс және іс жүргізу департаментінің Азаматтарды жеке қабылдау басқармасының бастығы лауазымын атқарған.

Прокуратура органдарындағы еңбек өтілі 24 жылдан астам.

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика