Жұма, 06 маусым, 20:16

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Байқоңыр қаласының мәселелері талқыланды

02.06.2025

50

0

503470384 1006465908341320 2150211799832409506 n
Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Бүгін ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр «Байқоңыр» ғарыш айлағы мен қаласының 70 жылдық мерекесіне орай Байқоңырға жұмыс сапарымен келіп, «Роскосмос» МК бас директоры Дмитрий Бакановпен кездесті.

Басқосуға облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, облыс әкімінің орынбасары, Қазақстан Республикасы Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілі Қайрат Нұртай, Байқоңыр қаласы әкімшілігінің басшысы Константин Бусыгин, Ресей Федерациясының Қазақстан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі Алексей Бородавкин, Ресейден келген делегация, жауапты сала басшылары қатысты.

503514030 1006466041674640 998206350392254136 n

Кездесуде «Бәйтерек» жобасын жүзеге асыру барысы, алдағы жоспар талқыланды. Роман Скляр «Роскосмос» МК бас директорының халықаралық ынтымақтастық жөніндегі орынбасары Сергей Савельевті ІІ дәрежелі «Достық» орденімен марапаттаса, Дмитрий Баканов ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мадиевке «Космос без границ» медалін табыстады.

Басқосудан кейін қонақтар «Бәйтерек» ғарыш зымыран кешенінің құрылыс жұмыстарымен арнайы барып танысты.

Айта кетейік, Қызылорда облысының әкімдігі Байқоңыр қаласының объектілерін тиімді пайдалану үшін нысандарды жалдан шығару бағытында тұрақты жұмыс жүргізуде. Тұрғын үй мәселесін шешу үшін «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 50 пәтерлік бес тұрғын үйдің құрылысын аяқтады. Жаңа 7 «А» шағын ауданы құрылды.Қазіргі уақытта тағы бес тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде.

Қаланың сумен жабдықтау және су бұру желілері жалдан шығарылып, облыстық коммуналдық меншікке беріліп, 11,4 шақырым кәріз желілері жөнделді.

Мұнда қазақстандық 5 мектеп, 5 балабақша,Байқоңыр қаласының әкімшілігіне қарасты 7 мектеп, 10 балабақша бар.

502915044 1006465948341316 3137107594424543570 n
503092722 1006465915007986 2571475545377979596 n
503204217 1006465938341317 7472521491090655763 n
502934169 1006466035007974 9039545373683783733 n

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика