Жұма, 18 қазан, 14:20

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

«AMANAT»: Атқарылған жұмыстар бойынша брифинг өтті

18.10.2024

30

0

Атқарылған жұмыстар бойынша брифинг өтті

Партияның облыстық филиалының төрағасы Алмасбек Есмаханов партияның облыстық филиалымен 2024 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар қорытындысы бойынша БАҚ өкілдеріне брифинг өткізді.

Жалпы, партияның халық алдындағы ең басты міндеті – Сайлауалды бағдарламасының мүлтіксіз орындалуы.

«AMANAT» партиясының 2023-2027 жылдарға жоспарланған «Халықпен бірге!» Сайлауалды бағдарламасы негізінде барлық өңірлерде бағдарламаны нақты жүзеге асырудың арнайы Жол картасы әзірленді. Жол картадағы шараларға нақты қаржы  қаралды. Ағымдағы жылдың 9 айында Жол картаға енген 115 шараның  66 орындалды, 48-і  орындалу үсінде.

Брифинг барысында филиал төрағасы: Орындалған шаралардың бірқатарын атап өтер болсақ,  2 елді мекен таза ауыз суға қосылды. (9,9 км су жүйелері тартылды). Олар Шиелі ауданы Ортақшыл ауылдық округіне қарасты Қызылқайын және Еңбекші ауылдық округіне қарасты Қосүйеңкі елді мекені.

Сонымен бірге, Бестам, Алмалы, Ақтоған, Төменарық, Ақсу елді мекендері мен Төретам кентіне табиғи газ беріліп, 24 мыңға жуық халық көгілдір отын игілігін көруде.

VI-санатты жылына 5000-10000 донацияға арналған облыстық қан орталығы іске қосылса, «Жайлы мектеп» жобасы аясында Қызылорда қаласының сол жағалауынан 900 орындық мектеп пайдалануға берілді. Мұнан бөлек, білім, денсаулық, спорт салалары және азаматтарды тұрғын үймен қамту бағытында саланып жатқан құрылыс нысандарының жұмысы өздеріңіздің көз алдарыңызда, – деп атап өтті.

Өңірлік Жол картадағы әрбір нысанның құрылысы партияның аймақтық және аумақтық филиалдары жанындағы Партиялық бақылау комиссиясының бақылауында.

Комиссия мүшелері Жол картасы шеңберіндегі нысандарға бақылау жұмыстарын ұдайы жүргізе отырып, жұмыстың нақты, сапалы аяқталуын бақылау үстінде. Ағымдағы жылдың 9 айында  Партиялық бақылау комиссияларының 85 отырысы өткізілді. Оның 11 отырысы аймақтық деңгейде, 74-і аумақтық филиалдардың ұйымдастыруымен өтті.

Комиссия отырыстары мен мониторинг жұмыстары барысында 414 ұсыныс әзірленіп, оның 292-сі орындалды. Қалған ұсыныстар бойынша жұмыс жасалуда.

Сайлауалды бағдарлама Жол картасында көрсетілген құрылыс нысандарына апта сайын рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылып, жыл басынан 71 нысанға партиялық бақылау бекеттері орнатылды. Оның бүгінгі күнге 48-і пайдалануға беріліп, арнайы белгілер ілінді.

Сондай-ақ, Партиялық бақылау комиссиясының мүшелері сайлаушылар арасында маңызды мәселелерге де баса назар аударып, олардың шешілуіне ықпал етуде.

Партияның аумақтағы филиалдары жанында қоғамдық қабылдау бөлмелері ауқымды жұмыстар атқару үстінде. Күн сайын азаматтар өзінің мұң-мұқтажымен жүгініп, тиісті шешімдерін алуда. Қоғамдық қабылдау алаңдарында облыс, қала әкімдері, олардың орынбасарлары және тиісті сала басшылары, халық қалаулылары бекітілген кестеге сәйкес азаматтарды қабылдап келеді.

Мәселен, 9 ай қорытындысы бойынша 1295 қоғамдық қабылдау өткізіліп, онда 3918 тұрғын қамтылған.

Бүгінгі күнге келіп түскен өтініштер саны — 4880. Соның ішінде оң шешілген өтініштер 67,6 пайыздан 72,3-ке көтеріліп отыр. Қоғамдық қабылдау жұмыстарының партия алаңдарынан бөлек елді мекендерде мобильді қабылдау ретінде өтетінін де атап өткен жөн.

Жалпы, партия тарапы азаматтардың әлауқатын арттыру бойынша тиісті жұмыстар атқаруда. Оның ішінде партиялық жобалар зор мәнге ие. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев партияның «Ауыл аманаты», «Жер аманаты», «Қарызсыз қоғам» жобаларының игілігін әр азамат көру қажеттігін атап өткен болатын.

 «Ауыл аманаты» жобасы бойынша биыл облыста 905,44 млн. теңгеге 136 жоба қаржыландырылды.

Ауыл шаруашылығы кооперациясын дамыту мақсатында жоба аясында ағымдағы жылы 767,0 млн. теңгеге 27 ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру жоспарланып, бүгінгі күнге бағдарлама бойынша 1 млрд. теңге қаржы бөлініп, «Amanatnesie.kz» электронды порталы арқылы несие беру жұмыстары басталды.

Ал «Жер аманаты» жобасы бойынша Президенттің тапсырмасына сәйкес аймақта 2022 жылдан бастап мақсатына сай пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы жерлерін мемлекет тарапына қайтару, оны қайта айналымға қосу жөніндегі жұмыстар жүруде. Осы орайда, «AMANAT» партиясы облыстық филиалы жанынан «Жер аманаты» аймақтық комиссиясы құрылып, осы бағытта жұмыс жасауда.

 Азаматтардың қызығушылығын арттырған партиялық жобаның бірі — «Қарызсыз қоғам» жобасы аясында биыл өңірден 8000 азаматты қаржылық сауаттылық оқу курсынан өткізу жоспарланды.  Бүгінгі күнге облыс көлемінде 8433 адам білім алды. Жыл соңына дейін қосымша 3000 адам курстардан өтетін болады.

 БАҚ өкілдерімен кездесуде филиал төрағасы Алмасбек Әбілқасымұлы партия бастамалары мен жобаларының ауқымы бұдан әрі де кеңейіп, сайлаушылар үшін маңызды нәтиже көрсетенін жеткізді.

Дереккөз: Kyzylorda-news.kz

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика