Сәрсенбі, 05 қараша, 15:41

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Аймақ басшысы Швейцарияда келіссөздер жүргізуде

05.11.2025

11

0

577106502 1129650899356153 40325
Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев бастаған делегация Швейцариядағы жұмыс сапары аясында бірқатар маңызды кездесулер өткізді.

Аймақ басшысы БҰҰ Бас хатшысының орынбасары – БҰҰ Еуропа бойынша экономикалық комиссиясының Атқарушы хатшысы Татьяна Молчанмен кездесіп, өңіраралық ынтымақтастық пен тұрақты даму бағыттарын талқылады.

574859302 1129650842689492 88721

«Қызылорда облысының делегациясын жылы қабылдағандарыңыз үшін алғыс білдіреміз. Сапарымыз экономикалық сипатқа ие болып, Женева мен Берн қалаларында ынтымақтастықты кеңейтуге бағытталған. Шілде айында Қызылордада өткен алғашқы Урбан-форумда UN-Habitat ұйымымен ынтымақтастық декларациясына қол қойылған еді. Бұл оқиға тұрақты урбанизм мен халықаралық әріптестікті дамытудағы маңызды қадам болды», – деді Нұрлыбек Нәлібаев.

Сондай-ақ, облыс әкімі Женева кантонының Мемлекеттік кеңесшісі Тьерри Апотеломен кездесіп, Қызылорда облысының инвестициялық мүмкіндіктерін таныстырып, Швейцария тарапымен құрылыс индустриясы, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу, жеңіл өнеркәсіп, тау-кен және машина жасау, туризм салалары бойынша екіжақты ынтымақтастық бағыттарын талқылады.

574539698 1129651006022809 3773534121829197145 n

Женева кантоны Үкімет үйінде өткен кездесуде Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Құрметті қонақтар кітабына естелік жазбасын қалдырды. Өз жазбасында аймақ басшысы Женеваға ресми сапармен келу үлкен мәртебе екенін атап өтіп, бұл сапардың екі өңір арасындағы ынтымақтастықты дамытуға және өзара тәжірибе алмасуға зор мүмкіндік беретінін жеткізді. Сондай-ақ, Қазақстан мен Швейцария арасындағы достық және өзара құрметке негізделген қатынастарды одан әрі нығайтуға сенім білдіріп, Женева тұрғындарына бейбіт өмір мен мол табыс тіледі.

574983172 1129651062689470 4639305933494044885 n
575123268 1129650966022813 2283434532055504389 n
576909363 1129650976022812 9071355755498922200 n

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика