Топ-баннер2

Сейсенбі, 10 наурыз, 20:09

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Ұлт руханиятына үлес қосқан тұлға: Алмасбек Алматовтың 70 жылдығы аталып өтті

10.03.2026

7

0

whatsapp image 2026 03 10 at 12.19.42

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, жырау, өнертанушы, профессор Алмасбек Нұрмаханұлы Алматовтың 70 жылдық мерейтойына арналған Ғылыми кеңестің кеңейтілген салтанатты мәжілісі өтті.

Жиынды университеттің Басқарма төрағасы – Ректоры Наурызбай Байқадамов ашып, мерейтой иесінің қазақтың жыраулық дәстүрін дамыту мен насихаттаудағы, сондай-ақ ұлттық өнерді ғылыми тұрғыда зерттеп, жас ұрпаққа жеткізудегі еңбегін ерекше атап өтті.

WhatsApp Image 2026-03-10 at 12.19.41.jpeg
WhatsApp Image 2026-03-10 at 12.19.42 (1).jpeg
WhatsApp Image 2026-03-10 at 12.19.43 (1).jpeg

Алматов Алмасбек Нұрмаханұлы – профессор, жырау, педагог, өнертанушы. Ол 1956 жылдың 13 ақпанында Қызылорда облысы Қармақшы ауданы, Қорқыт станциясында дүниеге келген. №185 орта мектептің түлегі. Еңбек жолын туған ауылында жұмысшы болып бастап, кейін ұлттық өнер мен ғылым саласында үлкен жетістіктерге жетті.

Алмасбек Нұрмаханұлы университет тарихында алғаш рет «Дәстүрлі өнер – жыр» мамандығы бойынша «Дәстүрлі музыкалық өнер» кафедрасының іргетасын қалап, оның алғашқы меңгерушісі болып қызмет атқарды. Оның бастамасымен ұлттық өнерді ғылыми тұрғыда зерттеу мен жүйелеуге бағытталған маңызды жұмыстар жүзеге асырылды.

WhatsApp Image 2026-03-10 at 12.19.41 (1).jpeg
WhatsApp Image 2026-03-10 at 12.19.43.jpeg
WhatsApp Image 2026-03-10 at 12.19.44.jpeg

Салтанатты жиын барысында Алмасбек Нұрмаханұлына Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің құрметті профессоры аттестаты табысталып, арнайы профессор мантиясы кигізілді.

Іс-шараға жазушы, тарихшы-этнограф Қойшығара Салғараұлы, Қазақстанның Халық жазушысы Жүрсін Ерман, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Жанарбек Әшімжан, академик Қылышбай Бисенов және мәдениет пен өнер саласының белгілі өкілдері қатысты. Сонымен қатар жиынға университеттің профессор-оқытушылар құрамы мен Ғылыми кеңес мүшелері де қатысты.

WhatsApp Image 2026-03-10 at 12.19.44 (1).jpeg

Кездесу барысында қонақтар мерейтой иесінің шығармашылық жолы мен ғылыми еңбектеріне тоқталып, қазақ руханиятына қосқан үлесіне жоғары баға берді. Сонымен қатар ғалымның алты томдық шығармалар жинағының тұсаукесер рәсімі өтті.

Шара барысында Алмасбек Алматовтың шәкірттері мен жас өнерпаздар жырдан шашу шашып, ұстазға құрмет көрсетті. Жиын соңында мерейтой иесі сөз сөйлеп, көрсетілген құрмет пен жылы лебіздер үшін алғысын білдірді.

Бүгінде Алмасбек Алматов жыраулық дәстүрді жаңғыртып, оны ғылыми тұрғыда зерттеп, жас ұрпаққа насихаттап келе жатқан көрнекті тұлғалардың бірі ретінде танылып отыр.

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика