Сенбі, 21 желтоқсан, 21:19

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

«Терме – тәрбие, жыр – рух» атты республикалық жыршылар байқауы өтті

18.12.2024

80

0

terme t rbie zhyr ruh atty respublikaly zhyrshylar baj auy tti dcda777f82
Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Қызылордада «Руханият жылы» аясында мемлекет және қоғам қайраткері Темірбек Жүргеновтің өнегелі өмір жолына, «Шаһнаманың» жарық көргеніне 90 жыл, «Терме» жинағының жарық көргеніне 100 жыл толуына арналған «Терме – тәрбие, жыр – рух» атты республикалық жыршылар байқауы өтті. 

Байқауға Астана, Алматы, Маңғыстау, Ақтөбе, Павлодар, Түркістан қалаларынан және аудандардан жыршылар қатысты.

Облыс әкімінің орынбасары Шахмардан Байманов аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаевтың құттықтауын оқып, жыршыларға сәттілік тіледі.

«Темірбек Жүргенов есімі қазаққа ғана емес, иісі түркі жұртына құрметті, Орта Азия мен Қазақстанға ортақ тұлға. Жүргеновтің тікелей атсалысуымен «Қазақстанда мектеп жүйесін реттеу және қазақ орта мектептерін көбейту туралы» қаулы қабылданды. Алматыдағы бүкілқазақстандық халық өнерпаздарының І слетін, Мәскеудегі Қазақстан өнері мен әдебиетінің онкүндігін ұйымдастырушылардың бірі болды.

Ол қазақ жастарының КСРО-ның орталық қалаларындағы оқу орындарында білім алуына көмек көрсетті. Мұхтар Әуезов, Жұмат Шанин, Әбілхан Қастеев секілді қайраткерлердің шығармашылықпен айналысуына жағдай жасады. Тұрмағамбет шайырды Алматыға арнайы алдырып, Фердоусидің «Шахнамасын» қазақ тіліне аудартты.

Темірбек Қараұлы – өзіне өлмес, тозбас ескерткіш соғып кеткен тұғырлы тұлға. Біздің міндетіміз – оның есімін халық жадында жаңғыртып, өскелең ұрпаққа насихаттау. Халқымыздың дара перзенттерінің мұрасы ел игілігіне қызмет ете берсін. Ұрпақтан ұрпаққа мирас болып қалар сөз маржанын жарқырата жырлап, жеңіс иесі болыңыздар. Баршаңызға сәттілік тілеймін!», – деді Ш.Байманов.

Байқауға Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат» орденінің иегері Алмас Алматов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ұлжан Байбосынова, қоғам қайраткері, «Т.Жүргенов атындағы қордың» төрағасы Сәби Аңсат төрелік етті.

Қазылар алқасы жыршылардың орындаушылық шеберлігіне, мақам-саз үндестігіне, шығарманың мазмұнын көрерменге жеткізе білумен қатар, сахна мәдениетіне баса мән берді. Жүлдегерлер бағалы сыйлықтармен, Алғыс хаттармен марапатталды.

«Терме – тәрбие, жыр – рух» атты республикалық жыршылар байқауы өтті 1.jpg
«Терме – тәрбие, жыр – рух» атты республикалық жыршылар байқауы өтті 4.jpg
«Терме – тәрбие, жыр – рух» атты республикалық жыршылар байқауы өтті 3.jpg

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика