Жұма, 22 қараша, 12:34

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

«Талас-Ұлытау-Сарайшық» экспедициясы Сыр елінде жалғасын тапты

25.09.2024

274

0

«Талас-Ұлытау-Сарайшық» экспедициясы Сыр елінде жалғасын тапты

Жошы Ұлысының 800 жылдығына орай өтіп жатқан «Талас-Ұлытау-Сарайшық» атты республикалық тарихи-этнографиялық экспедициясы Сыр елі, жыр елі Қызылорда жерінде жалғасын тапты. 

Алғаш болып экспедиция қатысушылары Сыр елінің мәдени ошағы Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінде экскурсияда болды. Қызылорда жерінің тарихымен танысып, құнды жәдігерлерін тамашалады. Ары қарай Әбділда Тәжібаев атындағы облыстық кітапханада  жергілікті тарихшы-ғалымдардың, археологтардың, музей басшылары мен қызметкерлерінің қатысуымен кездесу диалог, дөңгелек үстел өтті. Жергілікті ғалымдар мен экспедиция қатысушылары өзара пікір алмасып еркін талқылау болды. 

Кейін экспедиция құрамы Қызылорда облысының тарихи-мәдени мұралар тізіміне енген ортағасырлық Қышқала қалашығында болды. Сыр өңіріндегі Қышқала қалашығы – ерекше сәулет ескерткіштерінің бірі. XIII-ХV ғғ. өмір сүрген қала орны 1243 жылдан бері  Қышқала аталып келеді. Қышқала аталуының себебі – қала құрылысы күйдірілген қыштан құрылған. Ол Қызылорда облысының Қоғалыкөл ауылының маңында, 30 шақырымға жуықтайтын жерде орналасқан. Жалпы аумағы 40-50 шақырымды құрайды. 2018 жылы мамыр-маусым айларында тарих ғылымдарының докторы, аталмыш экспедициясы қатысушысы Мадияр Елеуовтің жетекшілігімен археологиялық зерттеу жүргізіліп, ортағасырлық сәулет өнерінің жарқын үлгісі аршылған болатын.

Экскурсия Қорқыт ата кешенінде жалғасып тапты. Экскурсия қатысушылары кешенді аралап, видео түсірілім жасалды. Осылайша туы биік, тұғыры берік Қызылорда өңіріндегі сапар аяқталып, Ақтөбе қаласына жолға шықты.

Дереккөз: Kyzylorda-news.kz

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика