Бейсенбі, 14 тамыз, 00:19

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Сыр елінен Абай еліне – рухани сапар

11.08.2025

82

0

9fdb2ba0 d68c 42ae ae0e 6da9447852ca

Абай облысында ұлы ойшыл, хәкім Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына арналған онкүндік аясындағы басты шаралар ақынның туған жері – Абай ауданында ұйымдастырылды.

“Абай күніне” арналған салтанатты жиынға Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев бастаған делегация, Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, халық жазушысы Төлен Әбдік, Жазушылар одағының төрағасы Мереке Құлкенов, Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов және өзге де құрметті қонақтармен қатар, Сыр өңірінің делегациясы да қатысты.

Мәулен Әшімбаев шараның ашылуында сөз сөйлеп, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың мерейтойға арналған құттықтау хатын оқып берді. Президент өз хатында Абай мұрасының адамзаттық маңызын атап өтіп, ақын шығармашылығын терең зерттеу мен насихаттаудың қажеттілігін айтты.

Облыс әкімі Берік Уәли де құттықтау сөз сөйлеп, мерейтой биыл алғаш рет онкүндік форматында өткенін және мерекелік шаралардың ел игілігіне қызмет ететін жобалармен толыққанын жеткізді.

1675b180 2cbd 44ec af6c 15f0bf4ebeb0

Сыр өңірінен келген делегация Жидебай ауылына барып, ұлы ақынның басына зиярат жасады. Қызылорда облысының өкілдері Абай ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, хәкімнің кесенесіне тағзым етті. Делегация мүшелері сондай-ақ ақынның өмір сүрген үйін аралап, бүгінде музейге айналған тарихи орынмен танысты. Мұнда олар Абайдың жеке қолданған бұйымдарын, қолжазбаларын, шығармашылық мұрасын айғақтайтын жәдігерлерді көріп, ұлы ойшылдың өмір жолына терең бойлады.

Бұл сапар Сыр елі мен Абай елі арасындағы бауырмалдық байланыс пен рухани сабақтастықты тағы да айқын көрсетті. Халық даналығы мен ұлы мұраның киелі мекенінде өткен мерейлі кездесулер қатысушылардың жүрегінде өшпес із қалдырды.

9f9e4fe7 6ab8 45d9 8231 3b4a1e308701
83d0f865 c675 47ee a5f9 17b032c984a9

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика