Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде шетелдік ғалымдарды шақыру бағдарламасы аясында Германияның Эберхард және Карл атындағы Тюбинген университетінің профессоры Генрих Харке зерттеу жұмыстарын жүргізді.
Шетелдік ғалым Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Жанкент ауылында орналасқан ерте ортағасырлық Жанкент қаласының археологиялық экспедициялық зерттеу жұмыстарына қатысты. Зерттеуге ғалыммен бірге университет ғалымдары, Мәскеу Жоғарғы Экономика Мектебі Ресей ұлттық университетінің және Н.Н.Миклухо-Маклай атындағы Этнология және антропология институтының ғылыми қызметкерлері мен студенттері қатысты. құралған халықаралық археологиялық экспедициялық топбірлескен жұмыстар жүргізді.
Экспедиция барысында профессор Харке мен И.А.Аржанцева зерттеушілерге пәнаралық заманауи әдістерді таныстырды. Сонымен қатар археологиялық қазба жұмыстары кезінде заманауи әдістерді қалай қолдану керектігі туралы далалық семинарлар ұйымдастырып, лекция оқыды.
Айта кетейік, алдағы уақытта ғалым университеттің профессор-оқытушыларымен халықаралық журналдарда мақалалар жариялау, жобаға және халықаралық бағдарламаға бірлескен өтінім беру сынды бірлескен жұмыстар жүргізу жоспарлануда.
Дереккөз: Kyzylorda-news.kz