Сейсенбі, 02 желтоқсан, 22:24

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Қызылордада «Абай» операсының премьерасы өтті

02.12.2025

10

0

590761376 1150732747247968 4717207962360890753 n
Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Өнер орталығында ұлы ойшыл, ақын, философ Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай «Абай» операсының премьерасы өтті. Премьераны облыс әкімінің бірінші орынбасары Данияр Жаналинов, облыс әкімінің орынбасары Мейрамбек Шермағанбет, мәслихат депутаттары, зиялы қауым өкілдері, қоғамдық кеңес мүшелері, қала тұрғындары тамашалады. «Абай» трагедиясы — еліміздің мәдени өмірін дүр сілкіндірген қайталанбас кесек туынды. ХХ ғасырдың 30-40 жылдары қолға алынып, М.Әуезов шығармашылығының маңызды бағыты болған Абайдай ғұламаның тақырыбы, қайталанбас келбеті оқырмандарынан бұрын сахнада сомдалған бейнесі арқылы халқының жүрегінен орын алды. Мұхтар Әуезовтің либреттосына жазылған Ахмет Жұбанов пен Латиф Хамидидің айтулы операсы тек жақсы мен жаманның айқасын бейнелеген қойылым ғана емес, қазақ халқының жан дүниесінің алуандығы мен тереңдігін көрсететін айна, көшпелі өмірдің бірегей салты мен философиясын паш ететін тағылымды туынды.

588826279 1150733023914607 8335353148734316223 n
590683414 1150732887247954 980500976848532392 n

Кейіпкердің ой тереңдігін, сөзінің өткірлігін, тіл шеберлігін, азамат ретіндегі беделін филармония әртістері негізгі қалпын сақтап, асқан шеберлікпен көрермен қауымға жеткізді.

Ерекше классика кешін халықаралық және республикалық конкурстардың лауреаты Рустам Рысмағамбетовтің дирижерлік етуімен облыстық симфония оркестрі сүйемелдеді. Оркестрдің көркемдік жетекшісі және бас дирижері – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, профессор Мүсілім Әмзе. Тұтас сахналанған операға аралас хор ұжымы (көркемдік жетекшісі – А.Қуаныш), «Томирис» би ансамблі (көркемдік жетекшісі – халықаралық және республикалық конкурстардың лауреаты М. Тойбазарова), «Ai-Aru» заманауи би ансамблі (көркемдік жетекшісі – халықаралық және республикалық конкурстардың лауреаты З.Стықбаева), «Әдемі» балалар музыкалық театр-студиясы, (көркемдік жетекшісі – Қ. Боранбаев) және филармония солистері қатысып, көрерменге маңызы терең, философияға толы мәдени демалыс сыйлады.

591754852 1150733133914596 7687086933531534500 n

Операның қоюшы режиссері – Мәдениет саласының үздігі, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Әзиза Іздіқұлова.

Абайдың жеке өмірі, шығармашылығы мен оны тұлға ретінде айшықтауға арналған бұл туынды ұлттық рухты оятатын, қоғамды бірлікке бастайтын зор қозғаушы күшке ие. Абай шығармашылығын, оның ғұмырнамалық, мәдени-рухани мұраларын сан-алуан үлгіде насихаттау қазіргі қазақ руханияты үшін аса қажет.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика