Дүйсенбі, 02 маусым, 09:06

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Қызылорда облысының тарихи-мәдени ескерткіштері 3D-картада қолжетімді

20.05.2025

99

0

muzej 00b6df1a9e

«Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы мен «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы аясында Қызылорда облысындағы тарихи-мәдени мұралар цифрлық форматта қолжетімді.

3D-картада республикалық және жергілікті маңызы бар 150 ескерткіш қамтылған. Алдымен ЮНЕСКО-ның алдын ала тізіміндегі маңызды тарихи нысандар енгізілген.

Әр ескерткіштің архивтік деректері, аңыз-әңгімелері және виртуалды үлгісі 3 тілде ұсынылған. Облыста қазіргі таңда 31 республикалық, 256 жергілікті маңызы бар жалпы 287 ескерткіш мемлекет қорғауында.

Бұл жоба – рухани мұра мен тарихты ұрпаққа жеткізудің заманауи жолы. Қызылорда облысының ескерткіштерінің интерактивті картасын мына сілтеме арқылы көруге болады: virtualmap.xyz

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика