Сейсенбі, 24 ақпан, 18:55

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Ілияс Жансүгіров және Қызылорда кезеңі

24.02.2026

17

0

641752035 18039922283754489 474727730053987861 n

Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінде І.Жансүгіров атындағы әдеби музей қорынан «Ілияс Жансүгіров және Қызылорда кезеңі» атты көшпелі көрменің салтанатты ашылуы өтті.

Тағылымды шараға зиялы қауым өкілдері, мәдениет саласының мамандары, жоғары оқу орындарының оқытушылары мен студенттері, БАҚ өкілдері қатысты. Сондай-ақ көрмеге Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті профессоры, аға оқытушы, филология ғылымдарының кандидаты, әдебиеттанушы Айман Айтбаева және Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейі қызметкерлері арнайы қатысып, жылы лебіздерін білдірді.

Экспозицияда Ілияс Жансүгіровтің жеке тұтынған заттары, сирек қолжазбалары, фотосуреттері мен құнды архивтік құжаттары көпшілік назарына ұсынылды. Ақынның Қызылорда кезеңіндегі шығармашылық ізденістері мен қоғамдық қызметі көрме мазмұнында кеңінен қамтылып, сол дәуірдің әдеби-рухани тынысы айқын көрініс тапты.

Көрменің мақсаты – Ілияс Жансүгіровтің өмірі мен мұрасын кеңінен насихаттау, оның Қызылорда өңірімен тарихи байланысын айшықтау және жас ұрпақтың ұлттық әдебиетке, тарих пен мәдени мұраға деген құрметін арттыру.

Көрме 2026 жылдың 25 ақпанына дейін жалғасады.

641630670 18039922292754489 3858375196947452051 n
641723917 18039922373754489 7819127003573909747 n

Қызылорда облыстық мәдениет басқармасы

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика