Сейсенбі, 01 шiлде, 06:48

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Аралда «Руханият орталығы» ашылды

26.06.2025

177

0

513086302 1024113609909883 47673
Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Бүгін Арал қаласындағы “Руханият орталығының” ашылу рәсімі өтті. Оған облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, Ұлттық музей директоры Берік Әбдіғалиұлы, облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тілеуімбетов және зиялы қауым өкілдері арнайы қатысты.

Аймақ басшысы жиналған жұртшылықты жаңа нысанның ашылуымен құттықтап, мәдениет саласында атқарылған жұмыстарға тоқталды.

513253423 1024113396576571 34130

“Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы «Мәдениет – ұлттың төлқұжаты. Жаһан жұрты елімізді, ең алдымен, өнеріміз арқылы танып біледі. Біз – Ұлы далада тамыр жайған бірегей мәдениеттің заңды мұрагеріміз. Қазақ жерінен шыққан қайталанбас өнер иелерінің теңдессіз туындылары тұтас ұлтты тәрбиеледі. Қазір төл мәдениетіміз дүние жүзіне танылып жатыр», — деген болатын. Өткен 2024 жыл өңірімізде «Руханият жылы» деп жарияланып, мәдени-көпшілік шаралармен бірге көптеген ауқымды жобаларды жүзеге асырдық.

Облыс орталығында «Анаға тағзым», «Отбасы орталығы», «Өнер» орталығы» салынып, ел игілігіне берілді.

Осындай байыпты бастамалардың жалғасы ретінде биыл балалар мен жасөспірімдерге арналған «Сыр жұлдыздары» шығармашылық-инновациялық академиясы, «Саутс Ойл» компаниясының демеушілігімен музыкалық колледждің жаңа ғимараты, облыстық тарихи-өлкетану музейі ашылды.

Бүгін өздеріңізбен бірге Арал ауданындағы «Руханият орталығын» ел игілігіне табыстаймыз.

Орталықта ақ жаулықты аналарымыз, ардақты ардагерлеріміз бен жігерлі жастарымыз бір жерде бас қосып, ұрпақтар сабақтастығын жалғайды. Баршаңызды «Руханият орталығының» салтанатты ашылуымен тағы да құттықтаймын!”,- деді Н.Нәлібаев.

512732833 1024112936576617 38284
513674272 1024113149909929 76923

Жиында Берік Әбдіғалиұлы құттықтау сөз сөйлеп, Қызылорда қаласы, Арал, Қазалы, Жаңақорған аудандарының құрметті азаматы Нажмадин Мұсабаев батасын берді.

Ауданның өркендеуіне үлес қосқан ардагерлер мен құрылысты салған мердігер мекеме қызметкерлері облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.

Айта кету керек, биыл Ассамблеяның 30 жылдығы аясында Қызылордада «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық компаниясының қолдауымен жаңа «Достық үйі» салынуда. Нысан қараша айында пайдалануға беріледі. Мәдениет пен руханият өкілдеріне қолдау көрсету басты назарда. Жыл сайын «Тұран» және «Жебе» сыйлықтарын табыстау дәстүрге айналды. Былтыр алғаш рет мәдениет қызметкерлеріне арналған көпқабатты тұрғын үй салынып, 40 қызметтік пәтер берілді.

Сондай-ақ, симфониялық оркестр, инклюзивті және жастар театрлары, заманауи би, хор ұжымдары құрылып, «Жыраулар үйі» ашылды.

513304182 1024113169909927 74152
513134381 1024113916576519 62477
512715062 1024113309909913 14586
513945252 1024113703243207 47346
512692060 1024112853243292 49375
513921231 1024113946576516 91014
514007059 1024113513243226 47700

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика