Бейсенбі, 14 тамыз, 00:22

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Абай Құнанбайұлының ескерткішіне гүл шоқтары қойылды

10.08.2025

76

0

530587302 1058870759767501 5599772825790964448 n
Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Бүгін ұлы ақын, философ, ағартушы Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай Қызылордадағы №2 Абай атындағы үш тілде оқытатын дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп алдында орналасқан Абай ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті.

Шараға аймақ басшылығы, зиялы қауым өкілдері, қала тұрғындары және жастар қатысты.

Абай – қазақ халқының рухани көшбасшысы, ұлттық сананы қалыптастырған ұлы тұлға. Оның мол мұрасы – адамзатқа ортақ қазына, ұлт мәдениеті мен әдебиетінің алтын арқауы. Абай шығармалары — ел бірлігі мен руханиятының берік тірегі.

«Қазақтың бас ақыны – Абай Құнанбаев. Онан асқан бұрынғы-соңғы заманда қазақ баласында біз білетін ақын болған жоқ», – деп Ахмет Байтұрсынұлы атап өткендей, ұлы ақын есімін ұлықтау — бүгінгі ұрпақтың парызы.

Рәсімде Абайдың «Нұрлы аспанға тырысып өскенсің сен» өлеңі оқылып, «Көзімнің қарасы» әні орындалды.

Жалпы, Абай атамыздың 180 жылдығына орай облыс көлемінде, қала, аудан, ауылдық елді мекендерде байқаулар, интелектуалды сайыстар мен түрлі форматтағы іс-шаралар ұйымдастырылып өткізілді.

530886730 1058870629767514 1905437325994606969 n
529240202 1058870686434175 6798481613153422313 n
529848062 1058870693100841 6719169353033454678 n

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика