Дүйсенбі, 08 желтоқсан, 22:12

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Жаңақорған ауданында асфальт зауыты ашылды

08.12.2025

7

0

595832026 1155562483431661 8335007156350682570 n
Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тлеумбетовтің, облыс әкімінің орынбасары Ардақ Зебешевтің қатысуымен Жаңақорған ауданында асфальт зауытының ашылу рәсімі өтті. Оған жауапты сала басшылары, зиялы қауым өкілдері мен ауыл тұрғындары қатысты.

Облыс әкімінің орынбасары Ардақ Темірханұлы өнеркәсіп саласында атқарылған жұмыстарға тоқталып, жаңа зауыттың ашылуымен құттықтады.

577042863 1155562526764990 9053788791173163381 n

​«Өңіріміз құрылысқа қажетті негізгі материалдармен толық қамтамасыз етілген. Цемент, шыны, қиыршық тас, асфальт бетон, металл өңдеу, құрғақ құрылыс қоспалары мен темірбетон бұйымдары өндірісі жолға қойылған. Бір сөзбен айтқанда, Қызылорда құрылыс кластері алаңына айналып келеді.

Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы: «Жергілікті өнім өндірушілердің құрылыс материалдарының әлеуетін барынша пайдалану маңызды. Мемлекет отандық өнім өндірушілерді қолдайды», – деген болатын.

«Шалқия тас» серіктестігі асфальт зауыты жобасын былтыр бастап, қазір алғашқы өнімін шығаруда. Баршаңызды облысымыз үшін индустриялық, әлеуметтік, экологиялық тұрғыда тиімді жоба – асфальт зауытының ашылуымен шын жүректен құттықтаймын! Зауыт облысымыздың, оның ішінде Жаңақорған ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуына оң әсерін тігізетіні сөзсіз. Оған атсалысқан жеке инвестор «Шалқия тас» серіктестігіне алғыс білдіреміз. Зауыт жұмысы табысты, өндірісі берекелі болсын!», – деді Ардақ Темірханұлы.

595519306 1155562590098317 2614723056815528813 n
594078340 1155562583431651 7210682515229348715 n

Рәсімде аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан азаматтар және мердігер мекеме қызметкерлері облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды. Жаңақорған ауданының құрметті азаматы Бақыт Нұртазаев құттықтау сөз сөйледі.

Айта кетейік, «Шалқия тас» серіктестігінің асфальт зауыты жобасы аясында өңірімізге 700 млн. теңге инвестиция тартылды. Барлық инженерлік инфрақұрылым жеткізіліп, мемлекеттік қолдау ретінде 6 гектар жер телімі берілді. «Шалқия» кен орнынан доломит өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығы табысталған. Жоба аясында 15 жұмыс орны ашылды. Зауытта сағатына 150 тонна асфальт өндіріледі.

595528746 1155562563431653 1170904204842372104 n

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика