Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында серіктестіктің комплаенс офицері, әкімшілік және ұйымдастыру бөлімінің басшысы Б. Шайхназаров ұжым қызметкерлеріне түсіндіру жұмысын жүргізді.
Кездесу барысында ол сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың негізгі қағидалары, заң талаптары, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу тетіктері және қызметкерлердің жеке жауапкершілігі туралы толық ақпарат берді.
Б. Шайхназаровтың айтуынша, сыбайлас жемқорлықпен күресте бұқаралық ақпарат құралдарының белсенділігі аса маңызды. Ақпараттық кеңістікті дұрыс қалыптастыру, қоғамға ашықтық таныту және жариялылықты сақтау – жемқорлық тәуекелін азайтудың тиімді құралдарының бірі.
Кездесу соңында қызметкерлерге қойылған сұрақтарға жауап беріліп, түсіндіру материалдары ұсынылды.


