Сыбайлас жемқорлық бүгінде қоғамның дамуына кедергі келтіретін негізгі фактордың бірі болып отыр. Осы орайда ақпараттық ашықтық пен қоғамдық бақылаудың күшеюі – жемқорлықпен күрестің маңызды шарттарының бірі.
Осы бағытта серіктестіктің комплаенс офицері, әкімшілік және ұйымдастыру бөлімінің басшысы Б. Шайхназаров қызметкерлермен арнайы кездесу өткізіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың маңызын түсіндірді.
Ол БАҚ қызметкерлерінің рөліне ерекше тоқталып өтті. Оның айтуынша, журналистер тек ақпарат таратушы ғана емес, қоғамдағы әділдікті нығайтатын күшке айналуы тиіс. Жемқорлық тәуекелдері туралы дер кезінде ақпарат беру, фактілерді ашық жариялау, бақылау мәдениетін қалыптастыру – журналистік жұмыстың маңызды бөлігі.
Бүгінгі кездесу қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын арттырып қана қоймай, сыбайлас жемқорлыққа қарсы орта қалыптастыруға серпін берді


