Құрылыстың көбеюі әлеуметтік мәселелерді шешіп, бой көтерген тұрғын үйлер, жаңа мектептер мен балабақшалар, дәрігерлік амбулаториялар, демалыс орындары жергілікті тұрғындардың игілігіне жарап, жұмыссыздық деңгейінің азаюына да өз үлесін қосары сөзсіз. Биыл да аймақта осындай оңды жұмыстар жалғасын тауып, бірқатар маңызды нысандардың іргетасы қаланды.
Осы жылдың 11 айдың қорытындысымен құрылыс жұмыстарының көлемі Қызылорда облысында 134,1 млрд.теңгеге жетіп, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 20,4 пайызға артты.
Жыл соңына дейін 692,3 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беру жоспарланған. 11 айдың қорытындысымен702,7 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, жылдық жоспар артығымен орындалып тұр.
Мемлекеттік қолдаудың арқасында құрылыс саласына бөлінген бюджет қаражатының көлемі де 3,5 есеге артты.
— 2023 жылға 163 жобаны жүзеге асыруға 81 млрд. теңге қаржы бөлініп отыр.
— Білім саласында, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 3 жылда облыста жалпы құны 86,0 млрд.теңгеге 21 білім нысаны салынатын болады, биыл соның 10 жайлы мектептің құрылысы басталды.
— Бұған қоса, Қызылорда қаласында 2 000 орынға арналған 4 іргелі мектептің жанынан қосымша ғимараттар салынды.
Қазіргі нарықтық бағамен есептегенде бір мектепке орта есеппен 3 млрд теңге кетеді. Ал, жоғарыда аталған бір қосымша құрылысқа 700 млн теңге ғана шығын кеткен.
Жалпы, мемелекет қаржы есебінен 10 мектеп құрылысы және оқушылар сарайының құрылысы жүргізілуде, оның ішінде құны 7,6 млрд. теңгені құрайтын 300 орындық жатаққанасымен 400 орындық физика-математика мектеп-интернаты салынуда (2 жаңа мектеп және 4 мектепке қосымша құрылыс пайдалануға берілді).
— «ҚазГерМұнай» компаниясымен Қызылорда қаласында құны 2 млрд. 350 млн теңгені құрайтын теңге заманауи үлгідегі «Оқушылар сарайының» құрылысы басталды.
— «Саутс Ойл» компаниясы Қызылорда қаласында музыкалық колледж құрылысын салады. Жоба құны 4,8 млрд теңге.
— «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы аясында 11,8 млрд. теңге қаржы бөлініп отыр.
— Бұл қаражатқа 1 346 пәтерді құрайтын 26 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде.
Бұдан бөлек, әлеуметтік жағынан осал топтар үшін пәтер алуға, республикалық бюджеттен 12,3 млрд. теңге және облыстық бюджеттен 1,1 млрд. теңге қаржы бөлініп, жыл соңына дейін 1302 пәтер сатып алу жоспарлануда.
Аталған 1302 пәтердің 873 пәтері Қызылорда қаласынан, қалған 416 пәтер аудан орталықтарынан сатып алынды.
2023-2024 жылдары облыста «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында 27денсаулық сақтау нысанын салу жоспарланып отыр. Биыл солардың құны 4,5 млрд. теңге болатын 16 дәрігерлік амбулатория мен 2 медициналық пункт нысандарының құрылысын бастадық және барлығы жыл соңына дейін аяқталып, пайдалануға берілетін болады.
Сонымен қатар, құны 35,5 млрд. теңгені құрайтын емхана мен онкологиялық бөлімшесі бар 300 орындық көпбейінді аурухананың құрылысы және құны 2,7 млрд. теңгені құрайтын облыстық қан орталығының құрылысы жүргізілуде.
— Мәдениет саласы бойынша, құны 3,5 млрд. теңгені құрайтын 1000 орындық өнер орталығы, 600 орындық мәдениет үйі және 5 ауылдық клуб құрылысы жүргізілуде.
— Өткен жылы басталған құны 1,5 млрд. теңге болатын неке сарайының құрылысы аяқталып, биыл пайдалануға берілді.
— Келер жылы 7 ауданда музей, кітапхана, мұрағат, неке қию залы, ардагерлер және аналар, жастар орталықтары, азаматтық қоғам өкілдері мен тарихи-мәдени, рухани ұйымдарды біріктіретін типтік үлгідегі «Руханият» орталықтары салынады.
Спорт саласында 13 денешынықтыру сауықтыру кешенінің құрылысы жүргізілуде, оның ішінде құны 6,9 млрд. теңгені құрайтын көпсалалы спорт кешені құрылысын бастадық. Бұл спорт кешенінде ұзындығы 50 метр ені 20 метр болатын олимпиядалық бассейін болады және 7 түрлі спортқа арналған залдармен қамтылады (7 спорт нысаны пайдалануға берілді).
Дереккөз: Kyzylorda-news.kz