Сенбі, 22 қараша, 16:03

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Жолдау жүктеген міндеттер талқыланды

20.11.2025

22

0

586397004 1142451421409434 7802417502667560991 n
Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауында белгіленген міндеттердің жүзеге асу барысы талқыланған актив отырысы өтті. Оған Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев, зиялы қауым өкілдері, облыстық мәслихат депутаттары, басқарма, департамент, инспекция басшылары, саяси партиялар, бейнебайланыс арқылы қала, аудан әкімдері активімен бірге қатысты.

Облыс әкімі Жолдаудағы тапсырмаларды орындау мақсатында қабылданған нақты шараларды атап өтті.

585902948 1142451551409421 4674817778362164005 n

«Мемлекет басшымыз ел экономикасының барлық саласын жаңғырту үшін цифрландыру мен жасанды интеллект технологиясын жеделдетіп енгізу мәселелеріне ерекше тоқталды.

Жасанды интеллектінің мүмкіндіктерін қолданып, елімізді одан әрі әлеуметтік-экономикалық, инновациялық дамытудың жаңа бағдары айқындалды. Жаппай цифрландыру арқылы отандық экономиканы әртараптандыру, кешенді түрде жаңғырту көзделген.

Алдағы үш жылда Қазақстанды цифрлық елге айналдыру мақсатында нақты стратегиялық межелер белгіленді. Президентіміздің жаңа бастамалары Қазақстанды жаһандық аренада бәсекеге қабілетті ел ретінде танытумен қатар, халқымыздың тұрмыс сапасын арттыруға зор ықпалын тигізеді.

Жақында ғана Мемлекет басшымыз Қасым-Жомарт Кемелұлы Сыр өңіріне жасаған сапарында аймақтың даму қарқынына, атқарған жұмысымызға оң бағасын берді. Мемлекет басшысының ерекше қолдауы жаңа жетістіктерге жетелейді, еселенген жауапкершілік жүктейді.

Сыр жұртшылығы Президентіміздің тапсырмаларын, Жолдаудан туындайтын міндеттерді орындауда бекем бірліктің үлгісін көрсетіп, межеленген жұмысты жалғастырады.

Жолдау жүктеген тапсырмалардың басым бөлігі елді мекендерді дамытуға бағытталған. Әсіресе, инфрақұрылымды жақсарту, тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру, аграрлық сектордың тиімділігін күшейту. Бұл жұмыстар аймағымызда, аудандарда, елді мекендерде қарқынды жүзеге асуда», – деді Н.Нәлібаев.

Активте Мәлік Отарбаев Жолдаудағы негізгі жеті бағытқа, одан туындайтын міндеттерге тоқталды.

586202796 1142451498076093 7557272344231346172 n

Арал ауданының әкімі Аманжол Оңғарбаев Жолдау жүктеген міндеттердің орындалуы, Жаңақорған ауданы, Қосүйеңкі ауылдық округінің әкімі Әлімхан Ақтаев заң мен тәртіпті мемлекетіміздің мызғымас тұғыры етудің маңызы туралы баяндама жасады.

585558696 1142451508076092 994027370935305155 n
586158204 1142451431409433 2567338671577782182 n

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика