Дүйсенбі, 25 қараша, 20:44

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Желтоқсан оқиғасының құрбандарын еске алуға арналған іс-шара өтті

16.12.2023

283

0

jeltoqsan_qurbandaryn_eske_alu

Бүгін Сыр елінде 16 желтоқсан – ҚР Тәуелсіздігі күніне және Желтоқсан оқиғасының құрбандарын еске алуға арналған іс-шара өтті.

Тағзым алаңына жиналған қауым ұлт болашағы үшін құрбан болған жастарды бір минут үнсіздікпен еске алды.

Оған облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, зиялы қауым өкілдері  қатысып, қарусыз қаһармандар рухына тағзым етті.  Азаттық жолында жалындап жанған боздақтар құрметіне  Сыр жұртшылығы атынан тағзым гүлі қойылды, Құран бағышталды.

Еске салсақ, 1986 жылы 16 желтоқсанда алаңға шыққан қазақ жастарына  жала жабылып, жапа шекті. Олардың қатарында Қызылорда облысынан 150-ден астам азамат болды.  Барлығы дерлік оқудан, партия қатарынан шығарылды.

Ел тәуелсіздігін алғаннан кейін 1993 жылғы 14 сәуірдегі «Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы» Заңына сәйкес,  желтоқсаншылар толық ақталды.

FB_IMG_1702708836076.jpg
FB_IMG_1702708839755.jpg
FB_IMG_1702708834117.jpg

Дереккөз: Kyzylorda-news.kz

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика