Сәрсенбі, 07 қаңтар, 10:01

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Жеке қабылдауда қала тұрғындарының түйткілді мәселелері шешімін тапты

05.01.2026

23

0

610839447 1175529328101643 5396788259521682165 n
Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Бүгін «Өнер орталығында» облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев құқық қорғау органдарының бірінші басшыларымен, Парламент Сенатының депутаттары Наурызбай Байқадамов, Руслан Рүстемовпен бірге Қызылорда қаласының тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдады.

Мемлекет басшысы халыққа арнаған Жолдауында: «Билік пен қоғам арасында тұрақты диалог орнату арқылы ғана қазіргі геосаяси ахуалға бейімделген үйлесімді мемлекет қалыптастыруға болады» деп атап өтті.

Кейінгі уақытта азаматтарды жеке қабылдау мемлекеттік органдар мен тұрғындар арасында тікелей және шынайы диалог орнатудың маңызды құралына айналды. Бұл – нақты мәселені шешуге бастайтын пәрменді әрі тиімді тетік, қоғаммен байланыс жасаудың жүйелі жолы. Осындай жеке қабылдауларда жұртшылық өзін толғандырған мәселелерді көтеріп, оның заң аясында шешілу жолдары туралы нақты ақпарат алады.

Бүгінгі қабылдауға келгендердің басым бөлігі тұрғын үй, несие, денсаулық, әлеуметтік көмек, жер мәселелерін көтерді.

Көпбалалы ана Асфендияров көшесіне газ желісін жүргізіп және жарықтандырып беруді сұрады. Аймақ басшысы қала әкіміне «ҚазТрансгазаймақ» мекемесінің басшылығымен бірге барып, жағдайды зерделеуді, табиғи газға қолы жетпеген тұрғындар мәселесін шешуді тапсырды. Жақын күндері Асфендияров көшесіне газ тартылып, оған қоса демеушілік есебінен жарықтандырылады.

Жарқынбаев көшесінің тұрғыны көше бойына жылдамдық бәсеңдеткіш орнату туралы өтініш білдірді. Бұл жерге белгі орнатпас бұрын жол қозғалысы қауіпсіздігі мен кептелістің алдын алу үшін жан-жақты зерделенеді. Қалалық полиция басқармасымен бірлесіп, тиісті жұмыс жүргізіледі.

Сол жағалау тұрғыны ипотекамен алған пәтеріне жоғары қабатта адам тұрмағандықтан, су кеткенін айтты. Аймақ басшысы тұрғын үйді салған мердігер мекемеге мәселені шешу туралы тапсырма берді.

Еске салайық, облыс әкімі 2022 жылдан бері облыстық сот төрағасы, облыс прокуроры, ҰҚҚ Қызылорда облысы және Байқоңыр қаласы бойынша департаменті, облыс бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті, облыстық полиция департаменті басшыларымен бірге жылына екі рет Қызылорда қаласы мен аудандарда тұрғындарды жеке қабылдау өткізіп келеді. Облыс әкімі мен құқық қорғау органдары басшыларының айына бір рет жұртшылықты қабылдаулары да жоспарланған. Оған қоса, облыс әкімінің орынбасарлары аталған құқық қорғау органдары басшыларының орынбасарларымен бірге тоқсанына бір рет халықпен кездеседі.

Жеке қабылдауларға тек алдын ала жазылушылар ғана емес, әлеуметтік желіден хабардар болған көпшілік те келеді. Қабылданатын адам санына немесе уақытқа шектеу жоқ, ең соңғы келушіге дейін күтіп, ой-пікірін айтуға мүмкіндік ұсынылады. Негізінен тұрғындардың мәселелерін сол жерде шешуге басымдық беріледі. Кейбір сұрақтардың жауабы түсіндіріледі, бірқатарының шешу жолдары көрсетіледі. Егер орындалуы белгілі бір уақытты талап ететін болса, жауапты тұлғаларға міндет жүктеледі. Ұсыныс-пікірін, өтінішін жеткізушілердің сауалдары назардан тыс қалмайды. Қабылдауда қозғалған мәселелердің барлығы облыс әкімінің ұдайы бақылауында болады.

Ашықтық қағидатына негізделген қабылдау барысында 130 астам азаматтың өтініші қаралды. Оның ішінде облыс әкіміне 60 тұрғын жеке сұрақтарын қойды.

612148720 1175529361434973 79415480302560314 n
611760067 1175529434768299 6892142334593731814 n
611126701 1175529511434958 7360854504193918649 n
609176225 1175529481434961 1823536697332849057 n
608153959 1175529318101644 5092047511367405117 n
610631990 1175529508101625 2658709414575275468 n

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика