Сейсенбі, 26 қараша, 12:42

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Жауынгерлік дайындық басты назарда

01.02.2022

486

0

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда гарнизонындағы Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің әскери бөлімінде санитарлық-эпидемиологиялық талаптар сақтала отырып, жаңа оқу кезеңінің жауынгерлік әзірлік жоспарына сәйкес кезекті жауынгерлік атыс өтті.

Әскери бөлімде жеке құраммен арнайы жауынгерлік тапсырмаларды орындамас бұрын, әдістемелік-нұсқаулық сабақтар өткізіліп, барлық қауіпсіздік шаралары жеткізілді. Сондай-ақ іс-қимылдар кезінде жеке қаруды шебер әрі тиімді пайдалануға айрықша назар аударды. Осы сияқты жауынгерлік атыстар әскери бөлім жеке құрамының теориялық білімдерінің жетілуіне, қатарға жаңа қосылған жауынгерлердің тәжірибе алмасуына, қызметтік міндеттерін сапалы орындауына оң әсерін тигізеді.

Жауынгерлік атыстың мақсаты – әскери бөлім жеке құрамының жауынгерлік дайындық дәрежесін, үйлесімділігін көтеру және жеке қару-жарақтарының жауынгерлік мүмкіндіктері мен оларды қолдану ережелерін зерттеу.

«Ай сайын жоспарға сай өтетін жауынгерлік атыстарға барлық санаттағы әскери қызметшілер тартылады. Жауынгерлік атыс дайындығындағы әрбір жаттығу біздің тәжірибемізді арттырып, нәтижелерді жақсартуға мүмкіндік береді. Бүгінгі атыстар барысында офицерлер мен сержанттар оң нәтиже көрсетіп, қару – жарақты қолдану мен нысананы дәл атумен жақсы даярлықтарын көрсете білді», – дейді жауынгерлік даярлық бөлімінің аға офицері капитан Жанасыл Ерасылов.

Жауынгерлік жоспарға сай өтетін осындай жауынгерлік атыстар бөлім жеке құрамының тәжірибелік білімдерінің дамуына көмегін берері анық.

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика