Сенбі, 07 маусым, 06:58

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

«Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының ХХІ жұмыс маусымының ашылу салтанаты өтті

05.06.2025

19

0

zhasyl el zhastar e bek zhasa taryny hhi zh mys mausymyny ashylu saltanaty tti 1d13bd4a06
Фото: Қоғамдық даму басқармасы

Бүгін өңірде «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының кезекті еңбек маусымының ашылу салтанаты өтті. «Жасыл ел» жалпыұлттық жобасы 2005 жылдан бері жүзеге асырылып келеді. Биыл осы игі бастамаға 20 жыл толып отыр. Бұл жастар арасындағы әлеуеттендіру бағытындағы ең маңызды бағдарламалардың бірі. Шараға қала және аудандардан 100-ге жуық жастар мен зиялы қауым өкілдері қатысты.

«Жасыл ел» қозғалысы жастарды еңбекке баулып қана қоймай, ортақ идеялар төңірегінде топтастыруда. Жобаға биыл 1 200 жас маусымдық жұмыспен, орналастыру, қажетті экипировкамен, құрал-саймандармен қамтамасыз етіледі.

Бүгінгі күні 300 жас маусымдық жұмыстарды бастады. Сарбаздар облыс көлемінде орналасқан мәдени-демалыс орындарында, аллея, сквер, алаңдар мен парктердерде көгалдандыру, аумақтарды қоқыстан тазалау шаралары атқарылады.

Бүгінгі шара аясында еңбекші жастар Қызылорда қаласындағы «Ботаникалық бақты» көркейту-көгалдандыру жұмыстарын жүргізді.

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика