Сенбі, 27 желтоқсан, 19:30

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Жастардың бастамасы – өңір дамуының қозғаушы күші

27.12.2025

10

0

602365577 2486135808448583 5646335448490369523 n

Қызылордалық жастардың қоғамдық өмірге белсенді араласуына серпін беретін облыстық жастар форумы өтіп, аймақтың белсенділері бас қосты.

«Жастардың бастамасы: даму мен серпін» тақырыбында өткен жиынды облыстық жастар ресурстық орталығы ұйымдастырды.

Оған арнайы келген қонақтар қатарында Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Шермағанбет Мейрамбек Зинабдинұлы, жас кәсіпкер Нұрдаулет Болатбекұлы, «Салауатты өмір сақшылары» қозғалысының жетекшісі Алдаберген Нұрқанат, «Студенттер Альянсы» ҚОФ төрағасы Расул Базарханұлы және 2025 жылдың «Күміс домбыра» иегері, ақын әрі жыршы Бексұлтан Орынбасар, «Ассамблея жастары» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Кызылорда облысы бойынша жетекшісі Пак Елена болды. Олар жастарға бағыт-бағдар беріп, табысқа жетудің өз тәжірибелерімен бөлісті.

Форум жұмысы екі секция аясында өрбіді. Алғашқы «Жастар және мемлекеттік басқару: Болашақ көшбасшылары» тақырыбындағы секцияда мемлекеттік қызметтің маңызы, жастардың басқару жүйесіне араласу мүмкіндіктері кеңінен талқыланды. Спикер облыстық жастар ресурстық орталығының директоры Басаров Алиби Төлепбергенұлы қатысушылармен тәжірибе бөлісіп, жастарды ел басқару ісіне тартудың өзектілігіне тоқталды.

Екінші секция «Жасанды интеллект: Киберқауіпсіздік» тақырыбына арналды. Мұнда IT саласының заманауи бағыттары, цифрлық қауіпсіздік пен жастардың цифрлық сауаттылығын арттыру мәселелері сөз болды. Секцияға Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің студенттері Нұрбек Әділбаев пен Нұрбол Оңалбаев спикер ретінде қатысып, жасанды интеллекттің мүмкіндіктері мен қауіптері жөнінде ой бөлісті.

Іс-шара соңында жастар саясаты саласында белсенділік танытқан бірқатар жас марапатталды. Аталған басқосу жастар арасында тың идеялар мен серпінді бастамалардың туындауына жол ашып, өңірдегі жастар қозғалысының дамуына тың серпін берді.

601909388 2486135771781920 6697584386073330328 n
605285597 2486135858448578 7344024903671330188 n

Өңірлік Коммуникациялар Қызметі

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика