Дүйсенбі, 06 сәуiр, 20:18

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Жас мемлекеттік қызметшілермен кездесу өтті

03.04.2026

28

0

662017358 2571490746579755 6272741545338602275 n
Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, ҚР Парламенті Сенаты төрағасының орынбасары Жақып Асанов өңірдегі жас мемлекеттік қызметшілермен кездесті, деп хабарлады Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Аймақ басшысы жастар саясатын қолдау бағытындағы жұмыстарға тоқталды.

662230803 2571490606579769 5410490559544967529 n

«Президентіміздің басшылығымен, қоғамның белсенді қолдауымен жазылған жаңа Ата Заңымыз жалпыхалықтық референдумда қабылданды. Мемлекет басшымыздың Әділетті, Қуатты әрі Таза Қазақстанды құру жолындағы барлық бастамаларын Сыр жұртшылығы, оның ішінде жастарымыз әрдайым қолдайды.

Еліміздегі ауқымды реформаларды іске асыруда жастарға айрықша көңіл бөлініп, жан-жақты қолдау көрсетілуде. Бүгінде аймақ халқының 30%-н жастар құрайды. Өткен жылы жастар саясатын дамытуға және қолдауға жергілікті бюджеттен 2 млрд. 105 млн. теңге бөлінді. «Сыр жастары» жеңілдетілген ипотекалық несие беру бағдарламасына бюджеттен 1 млрд. 200 млн. теңге, «Отбасы банктен» 500 млн. теңге қаралған. Бағдарлама аясында 2023 жылдан бері жыл сайын 100 жас отбасыға тұрғын үй беріліп келеді. Олардың арасында жас мемлекеттік қызметшілер де бар. Жастар бастамалары мен жобаларын қолдап, жүзеге асыру үшін 310 млн. теңгеден астам қаржы бөлінді», – деді Нұрлыбек Машбекұлы.

Кездесуде Жақып Асанов жас мемлекеттік қызметшілермен маңызды мәселелер жайында пікір алмасты. Тың бастамалар мен ұсыныстарын тыңдап, өз ойын бөлісті.

661715347 2571490833246413 3127896291705956179 n

Айта кетейік, бүгінде облыста 3 300-ден астам мемлекеттік қызметші еңбек етсе, 430-дан астамы жас мемлекеттік қызметшілер, 58-і басшылық лауазымдарда жас басқарушылардың пулын қалыптастырып келеді.

Өңірлік кадр резервшілері арасынан 14 жас маман мемлекеттік қызметке қабылданды. Білімді жастардың мемлекеттік қызметке орналасу талаптары жеңілдеп, жоғары оқу орнын үздік бітірген 18 түлек аудандық, ауылдық жерлердегі лауазымдарға конкурссыз тағайындалды.

661153045 2571491036579726 7203258517166454550 n
663382064 2571491109913052 5723421820209733294 n
662879616 2571491046579725 7706667388783836172 n
662268507 2571491049913058 7507424668708406178 n

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика