Қызылорда облысы Полиция департаментінің Жаңақорған аудандық полиция бөліміне ауыл тұрғыны жайлып жүрген бір бас қойын ұрланғандығы туралы шағым түсірді.
Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері аудан тұрғынын анықтап, ұстады. Айғақ зат алынды.
Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-1 бабының 1-бөлігімен (Мал ұрлығы) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.