Сәрсенбі, 14 қаңтар, 18:40

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Жаңақорған кентінде 80 отбасы жаңа баспанаға ие болды

14.01.2026

9

0

615769120 1181963570791552 6453421550127516810 n
Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары Наурызбай Байқадамов, Руслан Рүстемов, Мұрат Әбенов, Мархабат Жайымбетов, Мұрат Ергешбаев, Қазыбек Иса, зиялы қауым өкілдері мен ел ағалары Жаңақорған кентінде әлеуметтік жағынан осал топтарға арнап салынған 80 пәтерлік 40 тұрғын үйдің кілтін табыстау рәсіміне қатысты, деп хабарлайды Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі.

615345700 1181963580791551 8785697546399223236 n

​Аймақ басшысы тұрғындарды қоныстойымен құттықтап, осы жыл да өңір үшін жаңа бастамалар мен жарқын жоспарлар жүзеге асатын, береке мен бірлікті бекемдейтін кезең болатынын атап өтті.

«Президентіміздің, Үкіметтің қолдауымен барлық салада серпінді жобалар қолға алынды. Аймағымызда қалыптасқан қолайлы инвестициялық климат ірі инвестициялық жобаларға жол ашты.

Жаңақорған ауданында 2023-2024 жылдары 174 пәтерлік 87 тұрғын үй жерлестерімізге берілді, 200 орындық «Оқушылар үйі» мен 50 орындық «Өнер мектебі» шәкірттерін қабылдады. «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында өңірде бой көтерген 10 мектептің екеуі Жаңақорған ауданына тиесілі.

«Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында Жаманбай батыр, Қыркеңсе ауылдық округтерінде дәрігерлік амбулатория, Төменарық ауылында амбулаториясы бар 15 орындық аурухана, аудандық көпбейінді аурухана жанынан қосымша ғимарат салынды.

Қараша айында автоматты газ тарату станциясын салтанатты түрде іске қосқан болатынбыз. Қазір станцияның қуаттылығы 2 есеге дейін ұлғайтылды. Өткен жылы 40 көше, оның ішінде аудан орталығының негізгі Хорасан ата көшесі күрделі жөндеуден өтті. Жақында ғана Екпінді ауылында 100 орындық клуб ашылды.

Бүгін, міне жаңақорғандықтарды баспаналы болу қуанышымен құттықтау үшін жиналдық, аудан орталығынан 1 млрд. 500 млн. теңгеге салынған 80 пәтерлік 40 тұрғын үйді иелеріне табыстаймыз! Мемлекет қолдауымен жақсылыққа кенелген баршаңызға қоныс құтты болсын!», – деді Н.Нәлібаев.

Рәсімде Жаңақорған ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан азаматтар мен тұрғын үйді сапалы етіп салған мердігер мекеме қызметкерлері облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды. Руслан Рүстемов пен Мұрат Әбенов құттықтау сөз сөйлеп, жылы лебіздерін жеткізді.

615342572 1181963680791541 6144622905282119150 n

Еске салайық, 2022-2024 жылдары тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтар 5 мыңнан астам жаңа пәтерге қоныстанды. Кейінгі үш жылда, атап айтқанда 2023 жылы 430, 2024 жылы 1015, 2025 жылы 332, жалпы саны 1777 пәтер алғаш рет барлық аудандағы жерлестерімізге табыс етілді.

615342348 1181963120791597 6494918395286840655 n
615161881 1181963620791547 8798804501123207821 n

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика