Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев құқық қорғау органдарының бірінші басшыларымен бірге Жаңақорғандағы Оқушылар үйінде аудан тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдады. Жаңақорғандықтар негізінен тұрғын үй, жер кезегі, денсаулық сақтау саласына қатысты сұрақтарды көтерді.
Атап айтсақ, зейнеткер мүгедектігі бар баласына тұрғын үй, аудан тұрғыны шипажайға жолдама беру мәселесін қозғады.
Аймақ басшысы барлық сауалға орай заң аясында тиісті шара қабылдауды жауапты сала басшыларына тапсырды.
Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының түпкі мақсаты — билік пен қоғам арасында тұрақты диалог орнату.
Бүгінгі қабылдауда 40-қа жуық азаматтың өтініші жан-жақты қаралып талқыланды. Ал, облыс әкімі 20-ға жуық тұрғынның сұрақтарына жауап берді.


Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі






