Сенбі, 28 ақпан, 02:40

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Жаңа қызметке шығарып салды

26.02.2026

19

0

643377423 1217350787252830 75104
Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен өткен мәжілісте әріптестері облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы лауазымын абыроймен атқарған Олжас Искаковты республикалық медициналық-санитариялық алғашқы көмек орталығының басшысы қызметіне шығарып салды, деп хабарлады Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Аймақ басшысы Олжас Ермекұлының адал қызметі мен салаға сіңірген еңбегін атап өтіп, алғыс білдірді.

«Әріптесіміз Санжар Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінде «Емдеу ісі», Қарағанды Қазтұтынуодағы университетінде «Құқықтану» мамандықтары бойынша білім алған. «Денсаулық сақтау менеджменті» мамандығы бойынша іскерлік әкімшілік магистрі.

Еңбек жолын облыс орталығындағы №3 қалалық емхананың аймақтық терапевт дәрігері болып бастап, осы емхананың бөлім меңгерушісі, бас дәрігердің емдеу ісі жөніндегі орынбасары қызметтерін атқарған.

Әр жылдары облыстық денсаулық сақтау басқармасында бөлім басшысы, басқарма басшысының орынбасары, Денсаулық сақтау министрлігінің басқарма басшысы, департамент директорының орынбасары болған.

Олжас Ермекұлы денсаулық сақтау саласын басқарған кезеңде нақты әрі жүйелі қадамдар жасап, елеулі нәтижелерге қол жеткізді. Соңғы 3 жылда облыста жалпы өлім-жітім 5,6 пайыз, ана өлімі 12 есе, сәби өлімі 37 пайыз, туберкулезден аурушаңдық көрсеткіші 11,6 пайыз, өлім-жітім көрсеткіші 9 пайыз, қанайналым жүйесінен өлім-жітім көрсеткіші 19,6 пайыз төмендеді.

Бұған дейін орталықта қызмет атқарып, кәсіби біліктілігі мен ұйымдастырушылық қабілетін танытқанының арқасында Денсаулық сақтау министрлігімен тығыз байланыс орнатты, бірқатар жобаның табысты жүзеге асуына ықпал етті», –деді Нұрлыбек Машбекұлы.

Жиында денсаулық сақтау саласының ардагері, Қызылорда облысының құрметті азаматы Тұрғанбай Маханов пен медицина саласының ардагері Абдулла Шүленбаев, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Басқарма Төрағасы-ректоры Наурызбай Байқадамов ізгі тілектерін жеткізді.

643906776 1217350780586164 2870049806757658583 n
643474257 1217350853919490 7075188117842637742 n
641475718 1217350817252827 4265310256186731957 n

Олжас Ермекұлына «Қызылорда облысының дамуына қосқан үлесі үшін» медалі, Құрмет грамотасы, облыс әкімінің Алғыс хаты табысталды.

Өз кезегінде Олжас Искаков әріптестеріне алғысын, туған жердің өсіп-өркендеуіне тілектестігін білдірді.

644334926 1217350827252826 2838704278290300902 n
643896275 1217350880586154 7409341175898416154 n

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика