Бейсенбі, 19 наурыз, 16:45

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

«Жаңа Конституция – нағыз халықтық таңдау» аймақтық сарапшылар платформасы өтті

19.03.2026

6

0

654435637 2058468624711197 778105788446854688 n
Фото: Қоғамдық даму басқармасы

Қызылордада Достық үйінде «Жаңа Конституция – нағыз халықтық таңдау» атты аймақтық сарапшылар платформасы өтті. 15 наурыздағы республикалық референдумнан кейінгі ел өміріндегі тарихи белесті бағамдаған бұл жиынға зиялы қауым өкілдері, жоғары оқу орындарының ғалымдары мен сарапшылары, этномәдени бірлестіктер мен жастар ұйымдарының белсенділері қатысты.

653432397 2058468654711194 2618971669097631941 n

​Басқосудың басты өзегі – жаңарған Ата Заңның қоғам өміріне, әсіресе өңірлік даму үдерістеріне тигізер ықпалын ғылыми-сарапшылық тұрғыдан зерделеу болды.

​Жиынды Қорқыт ата атындағы Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Басқарма төрағасы-ректоры, тарих ғылымдарының кандидаты, облыстық «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» өңірлік коалиция жетекшісі Наурызбай Байқадамов ашып, жаңа Конституцияның мемлекет пен қоғам арасындағы сенімді нығайтудағы рөлін ерекше атап өтті.

653406327 2058468751377851 3827654132328413627 n

«Бұл құжат халықтың еркін таңдауы мен ортақ жауапкершілігінің көрінісі ретінде заң үстемдігін қамтамасыз етуге берік негіз қалайды» деді Наурызбай Байқадамов.

​Осы орайда, білім беру жүйесінің болашағына тоқталған И. Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық-техникалық жоғары колледжінің директоры, Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамдық бірлестігінің Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Абайбек Жүнісов еңбек нарығына бейімделген мамандар даярлауда техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының рөліне тоқталып, мемлекеттік тілдің дамуы мен қоғамдағы маңызын жеткізді.

654862283 2058468684711191 2726548849800101357 n

​Экономикалық еркіндік пен кәсіпкерлік ахуалды жақсарту тетіктерін облыстық Кәсіпкерлер палатасының директоры Пірмұхаммед Сыздық саралап берді. Ол жаңа Конституцияда жеке меншік құқығы мен нарық қатысушыларының теңдігі нақты бекітілгенін, бұл өз кезегінде өңірге инвестиция тартуға серпін беретінін айтты.

653885025 2058468644711195 3489065458300879362 n

​Сонымен қатар, «Анаға тағзым» орталығының директоры Алтынай Молжанова отбасы институтын нығайту мен бала құқықтарын қорғау мәселесінің конституциялық деңгейде айқындалуы қоғамның тұрақты дамуының кепілі екенін тілге тиек етті.

652622761 2058468744711185 1523106485592460032 n

​Заман ағымына сай цифрландыру және заманауи технологиялар тұрғысынан жаңа нормалардың маңызын Жасанды интеллект институтының директоры Нұрлан Құлмырзаев талдап, дербес деректерді қорғау мәселесінің заңнамалық бекітілуі инновациялық дамуға сенімді жол ашатынын атап өтті.

653421606 2058468618044531 9120935562419850159 n

​Ал жастар саясатындағы жаңа мүмкіндіктер туралы «Қазақстан студенттер Альянсының» өкілі Салтанат Бижігітқызы сөз қозғап, жаңа буынның ел басқару ісіне белсенді араласуына жол ашылғанын жеткізді. ​Қатысушылар референдумға Сыр жұртшылығының белсенді қатысуы ел болашағына деген ортақ жауапкершіліктің жарқын үлгісі болғанын айтып, платформа жұмысын ашық пікір алмасу мен нақты ұсыныстармен қорытындылады.

654101620 2058468704711189 6729779689550294018 n

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика