Топ-баннер2

Сейсенбі, 10 наурыз, 19:08

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Жалпыұлттық коалиция өкілдері Жаңақорған ауданында кездесу өткізді

10.03.2026

7

0

a9e58907 9345 432a b392 aceb9bd8cd1d

Қызылорда облысында өткен ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аясында Жалпыұлттық коалиция мүшелері Жаңақорған ауданында бірқатар кездесулер өткізді. Кездесулер барысында еңбек ұжымдары, түрлі сала өкілдері және аудан тұрғындарына жаңа Конституция жобасында қарастырылған өзгерістер жөнінде ақпарат берілді. Ашық форматта өткен кездесулерде қатысушылар өз сұрақтарын қойып, пікір алмасып, ұсыныстарын білдірді.

Іс-шараларға Жалпыұлттық коалиция мүшелері Жорабек Нұрымбетов, Нұридин Әмитов, Бауыржан Сандыбаев, Серқожа Ыдырсов, Ғалымжан Жарқынбек, Өмірсерік Тақырбасов және Арман Мажитов қатысты.

3c78846f 9ffc 44ae b584 3f1cd59f695e

Алғашқы кездесу «Шалқия Цинк ЛТД» АҚ ұжымымен өтті. Онда кәсіпорын қызметкерлеріне жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттары мен қарастырылған өзгерістер туралы ақпарат берілді.

Кейін коалиция мүшелері Жаңақорған шипажайының қызметкерлерімен жүздесті. Кездесуде медицина және қызмет көрсету саласының өкілдері қоғамдық даму мен алдағы өзгерістер туралы пікір алмасты.

Сондай-ақ «Жаңақорған Транзит» ЖШС қызметкерлерімен кездесу өтті. Онда жаңа Конституция жобасына қатысты жалпы ақпарат ұсынылды.

Аудан тұрғындарымен кездесу «Руханият» орталығында ұйымдастырылды. Басқосуда жаңа Конституция жобасында қарастырылған цифрландыру, ауылдық аумақтарды дамыту және жергілікті өзін-өзі басқару мәселелері талқыланды.

Коалиция мүшесі Жорабек Нұрымбетов өз сөзінде жаңа Конституция жобасында цифрландыруды дамыту және жергілікті өзін-өзі басқару институттарын жетілдіру бағыттары қарастырылғанын атап өтті. Оның айтуынша, бұл шаралар мемлекеттік және әлеуметтік қызметтерге қолжетімділікті арттыруға, сондай-ақ жергілікті маңызы бар мәселелерді шешуде тұрғындардың қатысу мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған.

Жалпы кездесулер барысында қатысушыларға жаңа Конституция жобасының негізгі мазмұны түсіндіріліп, тұрғындардың сұрақтарына жауап берілді.

30f2123d 3521 4050 b2c5 2125c09dd32b
0155fc5b 15e4 4b6d aafe 41ce583a7db2

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика