Бейсенбі, 27 қараша, 08:30

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Жалағаш ауданында тұрғындардың жеке мәселелері қаралды

24.11.2025

19

0

589193022 1145738817747361 5209816401574571811 n
Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Жалағаш ауданындағы «Руханият орталығында» ҚР Парламенті Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары, құқық қорғау органдарының бірінші басшыларымен бірге тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.

«Азаматтардың барлық сындарлы өтініш-тілектерін жедел әрі тиімді қарастыратын «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру – бәрімізге ортақ міндет.

Билік пен қоғам арасында тұрақты диалог орнату арқылы ғана қазіргі геосаяси ахуалға бейімделген үйлесімді мемлекет қалыптастыруға болады» деп атап өткен болатын Мемлекет басшысы халыққа арнаған Жолдауында.

Кейінгі жылдары дәстүрге айналған бастама ел арасында үлкен қолдауға ие болды. Қабылдау туралы алдын ала хабардар болған тұрғындар облыс әкіміне және құқық қорғау органдарының бірінші басшыларына сауалдарын, ұсыныс-тілектерін жеткізеді.

Ашықтық қағидатына негізделіп өткізілген жеке қабылдауға жазылғандардың басым бөлігі көшелерді, әлеуметтік нысандарды жөндеу мен жұмысқа орналастыруға қатысты мәселелерді қозғады.

Мысалы, зейнеткер Ақсу ауылдық округінің ішкі көшелерін, аудан тұрғыны Жалағаш кентіндегі Қ.Қазантаев атындағы мәдениет үйін күрделі жөндеу туралы өтінішін жеткізді.

Облыс әкімі сала басшыларына тиісті тапсырмалар беріп, заң аясында шешім қабылдау қажеттігін айтты.

Қабылдауда жалпы саны 40-тан астам азаматтың өтініші қаралды. Ал, облыс әкіміне 15-тен астам тұрғын өз сұрақтарын қойды.

Халықпен кездесулер, жеке қабылдаулар қоғамда заң мен тәртіп қағидатын ілгерілету үшін керек.

Соңында облыс әкімі ардагерлермен кездесіп, ой-пікірлерін, ұсыныстарын тыңдады. Өңірдегі бастамалар, атқарылған жұмыстар және кезегін күткен мәселелер туралы айтты.

589028955 1145739081080668 2359144055990515425 n
589045904 1145739004414009 1615711746660601783 n
589169707 1145739131080663 6808418164673647821 n
589031310 1145739171080659 7328376189043100832 n

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика