Сейсенбі, 03 желтоқсан, 21:56

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Университет өкілдері мен кәсіпкерлер бизнесті дамыту мәселелерін талқылады

13.12.2023

292

0

Университет өкілдері мен кәсіпкерлер бизнесті дамыту мәселелерін талқылады

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті жергілікті кәсіпкерлерді іскерлік таңғы асқа шақырды.

Кездесудің басты мақсаты – бизнес пен білім арасындағы ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылау, аймақтағы кәсіпкерлікті дамытуға қолдау көрсету. Сонымен қатар, таңғы аста кәсіпкерлік саласы бойынша жаңа білім беру бағдарламаларын құру тиімділігі талқыланды.

Қатысушылар «Білім беруді дамыту стратегиялары: Өңірдегі жоғары білім сапасын қалай арттыруға болады?», «Кәсіпкерлікті қолдау: Қызылорда облысында қолайлы бизнес ортаны қалай құру қажет?» деген сұрақтар бойынша идеяларын айтып, ұсыныстарын жеткізді.

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Басқарма төрағасы – Ректоры Бейбіткүл Кәрімова университеттің жетістіктері мен жаңалықтарына, жаңа бастамалардың маңыздылығына тоқталды.

Жиын барысында кәсіпкерлер мұндай кездесулер білім және бизнес саласын дамыту үшін тиімді екенін айтты.

«Таңғы асқа әртүрлі бағыттағы бизнес өкілдері жиналды. Университет ұжымы жұмыс берушілермен кездесу арқылы қандай мамандарға сұраныс бар екенін, қандай мамандықтарды оқыту қажеттігін анықтауда. Жеңіл өнеркәсіп саласы бойынша қазір цифрлық технологияны жетік меңгерген мықты мамандар керек. Себебі жұмыстың барлығы компьютерлік жүйелер арқылы іске асады. Ал оны жүргізу үшін маманның шетелде оқып келгені, тәжірибе алмасуы, практикадан өткені өте маңызды»,– деді «Ас-Ка» ЖШС директоры Дина Махатова.

«Био Мой доктор» клиникасының директоры Ләззат Өмірзақова да бизнесті әлемдік деңгейге шығару үшін цифрлық технологияны қолдану, сол бағытты дамыту қажеттігіне тоқталды.

Кездесуге сала мамандарымен қатар білім алушылар да қатысты.

Дереккөз: Kyzylorda-news.kz

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика