Сәрсенбі, 27 қараша, 05:46

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

USAID өңірлік Сырдария өзені күнін атап өтеді

27.09.2022

309

0

Ертең АҚШ Халықаралық даму жөніндегі агенттігі (USAID) Қызылорда облысының әкімдігімен бірлесе отырып, су ресурстарын басқару ісінде трансшекаралық ынтымақтастықты жақсарту қажеттілігіне назар аударту мақсатында Орта Азияның төрт мемлекетінде өткізілген Сырдария өзені күніне арналған мерекелік іс-шараны қорытындылайды.

«Сырдария – достық өзені» тақырыбы аясында өтетін бұл іс-шара өңірлердегі су және климат мәселелерімен қатар, болашақта Орта Азияның экономикалық өркендеуімен ондағы су қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ортақ шара қабылдау маңызды екеніне назар аудартуға тырысады.

Сырдария өзені (және Амудария өзені) бассейні өңірдің өзен суының 90 %-ын қамтамасыз етеді. Ол – Орта Азия халықтарының 80 %-ның тіршілік көзі, Қырғыз Республикасының, Тәжікстанның және Өзбекстанның басым бөлігін, Қазақстан мен Түркіменстанның айтарлықтай бөлігін қоса алғанда аумақтың 37%-н алып жатыр.

Орта Азиядағы USAID Өңірлік миссиясы, экономикалық даму департаментінің директоры Лаура Чизмо «Америка Құрама Штаттары экономикалық өркендеумен тұрақты дамуды арттыру тәсіліретінде табиғи ресурстарды басқаруды жақсарту үшін Орта Азия әлеуетін арттыруға қолдау көрсетуге дайын екенін білдіреді. Сондықтан, Өзен күндері іс-шарасы трансшекаралық ынтымақтастыққа ерекше көңіл бөліп, өңірдегі бейбітшілікпен гүлденудің негізін қаламақ» деп атап өткен еді.

Чизмо ханым Арал қаласының «Арал Теңізі» қоғамдық бірлестігіне шағын көлемді құрылғыны салтанатты түрде табыстау шарасын өткізеді. Құрылғы бірлестіктің «Ластануды азайту және аудандағы су  ресурстарын тиімді пайдалану және сақтау»жобасы шеңберінде теңізіге жақын орналасқан 14 кіші көлдер мен Кіші Арал теңізіндегі 18 балық аулау аумақтарында тазалау жұмыстарын жүргізу мақсатында пайдаланылатын болады.

Өзен күнін тойлау – тұрақтылықты қамтамасыз етіп, экономиканыөркендетіп, экожүйені тұрақты дамыту үшін Орта Азиядағы су ресурстарын басқару мәселесі бойынша өңірлердің бірлесе жұмыс істеуі мен әлеуетін арттыруға ерекше көңіл бөлетін су ресурстары мен қоршаған орта жөніндегі USAID Өңірлік жобасының негізгі қызметтерінің бірі. 

Бұл іс-шараны бір ай бойы ұлттық деңгейде атап өткеннен кейін, ол өңірдің қорытынды іс-шарасы ретінде іске асатын болады. Оған мемлекеттер арасындағы диалогты арттырып, су ресурстарына қатысты мәселені тиімді шешіп, оны басқару үшін қолайлы орта құру мүмкіндігін қарастыру мақсатында Орта Азиядағы бес мемлекеттің өкілдері қатысады.

Қазақстанның Қызылорда қаласында өтетін ертеңгі іс-шарада жергілікті билік өкілдері мен экологиялық қауымдастықтармен бірлесе отырып панель талқылауын өткізіп, онда климаттың өзгеруі судың жеткілікті болуынакері әсер етпес үшін қажетті бейімделу шаралары мен тұрақтылықты арттыру жолдарын қарастыратын боламыз. Су тақырыбына арналған шығармалары мен суреттері ең жақсы деп танылған барлық өңірдің жоғарғы сынып оқушылары мен студенттеріне сыйлық тапсырып, осылайша, жастардың болашақтасу ресурстарын басқару процессінде маңызды рөл атқаратынын атап өтетін боламыз.

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика