Топ-баннер2

Сенбі, 07 наурыз, 12:10

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

«Ұрпақ тәрбиесі – ұлт болашағы» тақырыбында кеңейтілген мәжіліс өтті

09.01.2026

81

0

611668508 1178629697791606 4089305970906325562 n
Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Бүгін «Өнер орталығында» облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен, ҚР Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова, ҚР Парламенті Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары Наурызбай Байқадамов, Руслан Рүстемов, Мұрат Әбенов, Мархабат Жайымбетов, Мұрат Ергешбаев, құқық қорғау органдары, аумақтық департамент, басқарма басшыларының, зиялы қауым, ата-аналар комитеті өкілдерінің, мектеп директорлары, тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, сала мамандарының қатысуымен «Ұрпақ тәрбиесі – ұлт болашағы» атты кеңейтілген мәжіліс өтті.

Аймақ басшысы білім саласында атқарылған жұмыстарға, ұрпақ тәрбиесіндегі ауқымды міндеттерге тоқталды.

611733011 1178629494458293 301279201231966700 n

«Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы: «Тәртіп жалпыға ортақ құндылыққа, ал заңға бағыну әркімнің өмір салтына айналуы тиіс. Ол үшін өскелең ұрпақтың бойына осы бастан жасампаздық қасиеттерді сіңіріп, оларды тәртіпке баулу қажет», – деп, балаларға терең әрі тағылымды тәрбие берудің маңыздылығын атап өтті.

Бұл тұрғыда қоғамда «Заң мен тәртіп»қағидатын орнықтыру, балалардың мүддесін, құқығы мен бостандығын қорғау – баршамыздың міндетіміз. Сәт сайын өзгеріп, көз ілеспес жылдамдықпен дамуға бет алған бүгінгідей дәуірде рухани құндылықтар мен ұлттық тәрбиеөзегінен ажырап қалмау керек. Бұл – маңызды мәселе!

Біздің ең бірінші міндетіміз – балаларымыздың жан-жақты, сапалы білім және саналы тәрбиеалуына қолайлы жағдай жасап, жайлы ортақалыптастыру.

Аймағымыздың білім беру саласына 2022-2025 жылдары 1 трлн. 159 млрд. теңге бөлінді. 2022 жылдан бері 42 заманауи білім беру нысанысалынып, пайдалануға берілді. «Келешек мектептері» ұлттық жобасы жобасы аясында 10жаңа мектеп салынып, ел игілігіне табысталды.2023 жылдан бері 9 мектеп жанынан қосымша ғимарат бой көтеріп, үш ауысымдық мектептер мәселесі түбегейлі шешімін тапты», – деді Нұрлыбек Нәлібаев.

612919527 1178629564458286 2307524127104159138 n

Жиында Жұлдыз Досбергенқызы, Наурызбай Сейтқалиұлы, Мұрат Абдуламитұлы, облыс прокуроры Ризабек Кәрімұлы, облыс әкімінің орынбасары Мейрамбек Зинабдинұлы, облыс прокурорының орынбасары Нұрболат Серікұлы, ата-аналар комитетінің мүшесі, айтыскер ақын, облыстық мәслихат депутаты Мұхтар Мәуленұлы ой-пікірлерін бөлісті.

613340825 1178629664458276 8133695315946340062 n
611656543 1178629584458284 3301399353868597706 n
612945582 1178629754458267 4387941747897498571 n

Мәжілісте көтерілген мәселелер бойынша жауапты сала басшыларына бірқатар тапсырма жүктелді. Аймақ басшысы мектепішілік және полиция органдарының есебіндегі оқушыларды үйірмелерге тарту, олардың жазғы демалысынтиімді ұйымдастыруды тапсырды. Ерекше бақылауды қажет ететін, түрлі санаттағы отбасылардан шыққан балаларды шығармашылық және спорттық секцияларға қатыстыру жұмысын жалғастыру керек.

Жасөспірімдер мен жастар арасындағы құқықбұзушылықтың, кибербуллингтің және заңсыз ойынның алдын алуды күшейту қажет. Учаскелік полиция инспекторларына есепте тұрған жасөспірімдерді қатаң бақылауда ұстау жүктелді.

Вейп өнімдерін пайдалануға және сатуға толық тыйым салу өте маңызды. Заңға қайшы әрекеттердің алдын алу үшін мектептердегікелеңсіз жағдайларға дер кезінде назар аударып, тәртіп бұзушылықтың алдын алуға уақытылы мән беру қажеттігі атап өтілді.

612023759 1178629734458269 6516372075176502229 n

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика