Жексенбі, 15 наурыз, 12:50

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Тыл ардагері Оспан Тәуекелов өз таңдауын жасады

15.03.2026

5

0

fcc04f92 5239 4547 a3f6 085ee272c698

90 жастағы тыл ардагері Оспан Тәуекелов республикалық референдумға алғашқылардың бірі болып, Жалағаш кентіндегі №132 референдум учаскесінде өз таңдауын жасады. Ел тағдыры мен болашағына бейжай қарамайтын ақсақал маңызды саяси науқанға қатысу арқылы өзінің елжандылығын тағы бір мәрте көрсетті.

Өмірлік тәжірибесі мен өнегелі жолы арқылы кейінгі ұрпаққа үлгі болып келе жатқан қарияның мұндай жауапты сәтте белсенділік танытуы – жас буынға үлкен тәрбие.

Елдің ертеңі мен мемлекет болашағына жауапкершілікпен қарау, қоғамдық маңызды істерден шет қалмау – әрбір азамат үшін маңызды міндет екенін ақсақал өз ісімен дәлелдеп отыр.

Осындай ел ағаларының парасатты ұстанымы мен азаматтық белсенділігі қоғамдағы бірлік пен тұрақтылықтың нығаюына ықпал етеді.

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика