Сейсенбі, 01 шiлде, 06:29

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Туризм: Оқушыларға арналған танымдық сапар ұйымдастырылды

30.06.2025

23

0

turizm o ushylar a arnal an tanymdy sapar jymdastyryldy 6ef1e33c97

Аймақ басшысының жазғы маусымда балалардың бос уақытын тиімді өткізу туралы тапсырмасына сәйкес, бүгін облыстық дене шынықтыру, спорт және туризм, облыстық білім және мәдениет, архивтер және құттама басқармаларының ұйымдастыруымен туристік агенттік өкілдері, БАҚ өкілдері, «Зерентай» балалар тынығу-сауықтыру лагерінің оқушылары Қызылорда қаласына танымдық сапарға шықты.

Бұл шара барысында олар шаһарда жаңадан ашылған мәдени және спорттық нысандармен жақын танысты.

Сапар аясында ең алдымен балалар Қызылорда қаласындағы бірегей спорт нысаны – «Мұз айдыны» орталығына барды. Мұнда олар мұз алаңының ерекшеліктерін көріп, спорт залдарындағы жаттығу барысымен танысты. Әсіресе аймақ мерейін үстем етіп жүрген жас спортшылардың кәсіби дайындығы балаларға ерекше әсер қалдырды.

Одан кейін балалар Қызылорда қаласының сол жағалауында орналасқан «Үстел теннисі» орталығында болды. Балалар жаңа ғимараттың ішін түгел аралап, заманауи жабдықтармен танысты. Сондай-ақ, оқушылар жаттықтырушылардың көмегімен теннис ойнап, аталмыш спорт түріне ерекше қызығушылық білдірді.

Танымдық сапардың соңғы нысаны – Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейі болды. Мұнда балалар туған өлкенің бай тарихымен, мәдени мұрасымен тереңірек танысып, ата-бабаларымыздың өмірі мен тұрмысы жайлы көптеген тың деректермен қанық болды. Бұдан бөлек, жеткіншектер өңірдің басты туризм аймағы саналатын орындар туралы мағлұмат алып, елге деген сүйіспеншілігі арта түсті.

Сапар соңында оқушылар естелік суретке түсіп, ұйымдастырушыларға өз алғыстарын жеткізді.

Қызылорда облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика