Дүйсенбі, 13 қазан, 21:04

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Туристік әлеуетті арттыру мақсатында тәжірибе алмасу жұмыстары жүргізілді

09.10.2025

28

0

delegacziya sport 97373ddac0

Сыр өңірінің туристік әлеуетін арттыру және трансшекаралық геопарк құрудың тиімді тәжірибесін зерделеу мақсатында Қарақалпақстан Республикасынан келген делегация өкілдері Қызылорда облысына арнайы сапармен келді.

Сапар барысында «Geopark Aral» негізінде трансшекаралық геопарк құрудың жол картасын әзірлеу және өзара тиімді ынтымақтастықты дамыту бойынша арнайы жиын өтті.

Жиынға Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Ардақ Зебешев, Қарақалпақстан Республикасы Министрлер Кеңесі Төрағасының орынбасары Расул Зарикеев, Халықаралық Аралды құтқару қорының ҚР атқарушы дирекциясының директоры Серікәли Мұқатаев, облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Пірмұхамед Сыздықов, туристік оператор Елена Когай және делегация мүшелері қатысты.

Кездесуде облыс әкімінің орынбасары өңірдегі геотуризмді дамыту мақсатында құрылған геопарктың қазіргі жұмысы жөнінде баяндама жасап, тиімді жобаға ерекше қызығушылық танытқан делегация өкілдеріне алғысын білдірді.

– Бүгінде өңір туризмін дамыту – басты бағыттардың бірі. Сол себепті аймағымыздағы геопарк жобасы үлкен сұранысқа ие болып, табысты бизнес-жобаларға айналып келеді. Қазіргі таңда әлемнің 50 елінде 229 нысанды біріктіретін ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік геопарктер желісі жұмыс істейді. Бұл желіге мүшелік ету – геотуризмнің сапасы мен халықаралық деңгейінің артқанын білдіреді. Жалпы, еліміз әлемдік тәжірибені тиімді пайдалана отырып, посткеңестік кеңістікте алғашқылардың бірі болып геопарк ашу бастамасын көтерді. Аталған жобаның сәтті жүзеге асуы елімізде, соның ішінде өңірімізде туризмді дамытуға зор мүмкіндік береді, – деді Ардақ Темірханұлы.

Делегация спорт 2.jpg

Өз кезегінде Қарақалпақстан Республикасы Министрлер Кеңесі Төрағасының орынбасары Расул Зарикеев Қызылорда облысындағы геопарк жобасының тиімділігін атап өтті.

Сонымен қатар жиын барысында қатысушылар да арнайы баяндама жасап, облыстың туризм саласын дамыту бағытындағы жүйелі жұмыстарға тоқталды.

Кездесу соңында Қызылорда облысының әкімдігі мен Қарақалпақстан Республикасының өкілдері трансшекаралық геопарк құру бойынша негізгі бастамаларды дамытуға бағытталған ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Осылайша тараптар геотуризмді ілгерілету және Арал өңірінің табиғи мұрасын сақтау үшін ортақ платформаны қалыптастыруға ықпал ете отырып, экология мен ғылым салаларындағы әріптестікті нығайтуға ниетті екендерін білдірді.

Жиыннан кейін делегация өкілдері Қызылорда қаласында жаңадан ашылған Өлкетану музейіне барып, өңірдің тарихи мұрасымен таныс болды.

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика