Сәрсенбі, 18 ақпан, 05:42

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Тіл туралы заң – ел бірлігінің негізі

16.02.2026

19

0

Әрбір тәуелсіз мемлекеттің басты белгілерінің бірі – оның мемлекеттік тілі. Тілді дамыту мен қорғау мақсатында қабылданған «Тіл туралы заң» – елдің рухани тұтастығын нығайтатын маңызды құжат. Бұл заң қоғамдағы тіл саясатын реттеп, тілдердің қолданылу аясын айқындайды.

Қазақстан Республикасында «Тіл туралы» Заң 1997 жылы қабылданды. Заңға сәйкес, қазақ тілі – мемлекеттік тіл болып табылады. Мемлекеттік тіл – мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу және іс қағаздарын жүргізу тілі.

Бұл – қазақ тілінің ел өміріндегі басты рөлін айқындайды. Сонымен қатар, заңда орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен қатар мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында қолданылатыны көрсетілген.

Қазақстан – көпұлтты мемлекет болғандықтан, басқа этностардың тілдерін құрметтеу мен дамытуға да жағдай жасалған. Бұл – еліміздегі ұлтаралық татулық пен келісімнің кепілі.

Тіл туралы заңның негізгі мақсаттары:  мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру, оның қолданылу аясын кеңейту, барлық азаматтардың ана тілін сақтауға құқығын қорғау, тілдерді дамытуға қолайлы жағдай жасау.

Бүгінгі күні мемлекеттік тілді меңгеру – әрбір Қазақстан азаматының парызы. Тілді білу – тек заң талабы ғана емес, елге деген құрметтің белгісі. Мемлекеттік тілде сөйлеу, іс жүргізу, білім алу – тәуелсіздіктің нышаны.

«Тіл туралы заң» – қоғамдағы тұрақтылық пен бірлікті сақтауға бағытталған маңызды құқықтық құжат. Тілді құрметтеу – заңды құрметтеу. Ал заңды сыйлаған елдің болашағы жарқын болмақ. Қорытындылай келе, тіл – халықтың баға жетпес байлығы. Оны сақтау, қорғау және дамыту – баршамыздың ортақ міндетіміз. Тілімізді құрметтеп, қадірлей білсек, ұлтымыздың да рухы биік болары сөзсіз.

Ж.О.СМАГУЛОВА,

Қызылорда облысының мамандандырылған

ауданаралық әкімшілік сотының бас маман –

сот отырысының хатшысы

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика