Дүйсенбі, 12 қаңтар, 22:08

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Теміржол вокзалдарын жөндеу жұмыстары бақылауда

11.01.2026

25

0

615177426 1179338494387393 49253
Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова, Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары Наурызбай Байқадамов, Руслан Рүстемов, Мұрат Әбенов, Мархабат Жайымбетов, Мұрат Ергешбаев Арал, Қазалы, Қармақшы ауданы орталықтарындағы, Сексеуіл мен Төретам кенттеріндегі теміржол вокзалдарын жөндеу жұмыстарымен танысты.

613054804 1179338537720722 4932126930177013860 n

Мемлекет басшысының, Үкіметтің қолдауымен облыс аумағындағы теміржол вокзалдарының барлығына күрделі жөндеу, вокзал маңын абаттандыру жұмыстары қолға алынған.

2023 жылы «Қазақстан Темір Жолы» компаниясының және жергілікті кәсіпкерлердің демеушілігімен 600 млн. теңгеден астам қаржыға Қызылорда қаласындағы теміржол вокзалы ғимараты мен іргелес аумағы жаңғыртылған болатын.

Қазіргі таңда барлық ауданда, сондай-ақ Төретам және Сексеуіл теміржол вокзалдарында күрделі жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Жаңарған инфрақұрылым жолаушыларға қолайлы жағдай жасауға, қауіпсіздік талаптарын күшейтуге мүмкіндік береді.

Вокзал ғимараттарының сырты және іші жаңартылып, күту залдары, билет сату орындары және санитарлық тораптар заманауи талаптарға сәйкестендірілуде. Сонымен қатар, инженерлік желілер толық жаңартылып, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолайлы жағдай жасауға да ерекше көңіл бөлінген.

Қазіргі таңда «Арал теңізі» теміржол вокзалында құрылыс-монтаж жұмыстары қарқынды. Шатырдың металлоконструкциясы жиналып, ішкі және сыртқы қабырғалар сылануда.

614016476 1179338594387383 7934296232731498514 n

Сексеуіл теміржол вокзалында қатты травертинмен қаптау, кафель төсеу, есіктер орнату, ішкі қабырғаларды әрлеу жұмыстары қарқын алған.

Қазалы теміржол вокзалында жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын.

Ал, Жосалы және Төретам теміржол вокзалдарында сыртқы қабырғаны қатты травертинмен қаптау, еденді кафельдеу, жылу жүйелерін жүргізу, шатырды ауыстыру және сыртқы абаттандыру жұмыстары қолға алынған.

Жаңғырған вокзалдар аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына оң серпін береді.

615073849 1179338634387379 4314720201333096628 n
613044027 1179338547720721 6561053090333879746 n
612987577 1179338721054037 9067152681477664278 n

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика