Дүйсенбі, 13 қазан, 20:57

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

«Таза Қазақстан»: Облыс әкімі жаңарған саябаққа тал егу шарасына қатысты

11.10.2025

14

0

561667530 1109468161374427 9113936716965904235 n
Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев қайта жаңғыртудан өткен Қорқыт ата саябағында өткен «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясындағы тал егу шарасына қатысты. Оған ҚР Парламенті Сенатының депутаттары, зиялы қауым өкілдері, ел ағалары және қала тұрғындары келді.

«Қорқыт ата» кітабының 1300 жылдығына арнап орнатылған ескерткіш маңындағы саябақ 2002 жылы ашылған. Бүгінде толық жаңарып, тұрғындардың демалысына, серуендеуіне, балалардың ойнауына қолайлы орынға айналды.

Абаттандыру жұмыстары 38 828 шаршы метр аумақты қамтыды. Оның 1 826 шаршы метрі – құрылыс алаңы, 13 430 шаршы метріне брусчатка төселген, ал 23 572 шаршы метрі көгалдандырылған.

Саябақ аумағында заманауи субұрқақтар, спорт және балалар ойын алаңдары, серуен жолдары мен жарықшамдар орнатылған. Сондай-ақ келушілердің жайлы демалысы үшін орындықтар, шағын сәулеттік нысандар қойылып, көгалдандыру және суару жүйесі жүргізілген.

558911086 1109468131374430 8689873758495931011 n
558955189 1109468181374425 1860090957998044014 n
559423540 1109468234707753 2789844969158872607 n

«Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында өңірдің барлық елді мекенінде жаппай сенбіліктер мен тал егу шаралары ұйымдастырылды.

Шара барысында облыс аумағындағы скверлер мен аллеялар, парктер мен көшелер, теміржол бойы, су айдындары және республикалық, облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының бойы тазартылды.

Жалпы экологиялық акцияға 20 мыңға жуық адам қатысып, зиялы қауым, еріктілер, экобелсенділер, үкіметтік емес ұйымдар өкілдері, кәсіпорындар мен мекеме қызметкерлері белсенділік танытты. Нәтижесінде облыс аумағына 13 мың түп тал егілді.

560100673 1109468314707745 8551889766437947449 n
559658979 1109468171374426 9059380553001896026 n
560571516 1109468291374414 436609288765764536 n
559001591 1109468281374415 8225326585450558334 n
560420935 1109468134707763 8085131039235348540 n

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика