Сейсенбі, 21 қаңтар, 05:58

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Тарихи-мәдени мұра орталығының құрылысы қарқынды жүргізілуде

18.01.2025

62

0

Тарихи мәдени мұра орталығының құрылысы қарқынды жүргізілуде01
Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен тарихи-мәдени мұра орталығының (тарихи-өлкетану музейі) құрылыс барысы талқыланған мәжіліс өтіп, жауапты сала басшыларына бірқатар тапсырма жүктелді.

«Музейдің ішкі тақырыптық тұжырымдамасы бекітілуі, экспозициялық көрме залдары заманауи этно-мәдени үлгіде жасалуы тиіс. Аймақтағы туристік әлеуеті жоғары нысан болғандықтан, оның жабдықталуы, экспозициясы заманауи талапқа сай болуы керек. Ғылыми зерттеу жұмыстарын қазірден бастауды ұсынамын. Құрылыс толық аяқталған кезде экспонаттар дайын болуы қажет. Бұл тек келушілерге қызмет көрсететін мекеме емес, ақпараттық технологиялармен қамтамасыз етілген ғылыми-рухани орталық болуы тиіс»,– деді Н.Нәлібаев.

Жиында орталықтың ішкі экспозициялық жұмыстарының жобасын сәулетші-реставратор, Қазақстанның тарихи-мәдени мұра және музей ісі қауымдастығының атқарушы директоры Ринат Кутдусов таныстырып, ұсынысын айтты.

Еске салайық, 2024 жыл өңірімізде «Руханият жылы» деп жарияланып, мәдени-көпшілік шаралармен қатар, ауқымды жобалар жүзеге асты. Атаулы жылда барлық 7 ауданда ішінде неке қию залы, кітапхана, музей, архив, жастар сарайы, ардагерлер мен аналар үйі бар «Руханият орталықтары» салынып, пайдалануға берілуде.

tarihi maedeni mura ortalyghynyng qurylysy qarqyndy zhuergizilwde03
tarihi maedeni mura ortalyghynyng qurylysy qarqyndy zhuergizilwde02

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика