Сейсенбі, 26 қараша, 06:55

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Тамақтың дәмін бере алатын теледидар ойлап табылды

27.12.2021

423

0

Kyzylorda-news.kz. Токиодағы Мэйджи университетінің жапон ғалымы Хомей Мишият бір топ студенттермен бірге бұрын соңды болмаған теледидар экранының прототипін жасады. Теледидар тағамның дәмін экран арқылы бере алады, бұл сенсорлық қабылдауды күшейте түсудің тағы бір қадамы. Құрылғы Taste the TV деп аталады (теледидардың дәмін татыңыз). Бұл туралы Guardian басылымына сілтеме беріп Stan.kz.

Құрылғының ішіне әртүрлі тағамның дәмін беретін қоспалар салынған он контейнер бар. Содан кейін тағамның дәмін көрермен теледидардың жалпақ экранындағы гигиеналық пленка арқылы тата алады.

Мияшита коронавирустық пандемия дәуірінде мұндай технологиялар адамдардың сыртқы әлеммен байланысы мен өзара әрекеттесуін жақсарта алатынына сенімді. Оның айтуынша, бұл құрылғыны ойлап табудағы мақсат – адамдарға өз үйінен әлемнің екінші жағындағы мейрамханада тамақ ішуге мүмкіндік беру.

Мэйджи университетінің студенті, 22 жастағы Юки Хоу журналистерге құрылғының қалай жұмыс істейтінін көрсетіп, экранға шоколадтың дәмін татқысы келетінін айтты. Автоматтандырылған дауыс команданы қайталап, қоспаның дәмін пленкаға шашыратады.

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика