Жексенбі, 11 мамыр, 04:05

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

«Тағзым» алаңында «Ұлы жеңіс – ұрпаққа аманат» атты салтанатты шара өтті

09.05.2025

20

0

496066437 989342973386947 549136 777
Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Бүгін Қызылордадағы «Тағзым» алаңында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған «Ұлы Жеңіс – ұрпаққа аманат» атты салтанатты шара өтті. Оған Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары Наурызбай Байқадамов, Руслан Рүстемов, Мұрат Әбенов, Мархабат Жайымбетов,Мұрат Ергешбаев және құқық қорғау органдарының басшылары, облыстың зиялы қауым өкілдері мен ел ағалары, қала тұрғындары қатысты.

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев аймақ тұрғындарын Жеңістің 80 жылдығымен құттықтады.

495312492 989342856720292 5651573864718765004 n

«Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай өткен әскери шеруде Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы: «Біз елдік үшін күрескен батыр бабаларды ұлықтаймыз. Отан қорғау жолында опат болған боздақтарға тағзым етеміз», – деп, 500-ге жуық көшеге Қазақстан қаһармандарының есімі берілетінін атап өтті. Осы орайда, ерекше атап өту қажет, оның 146-сы – облысымыздың ардагерлері. Жыл аяғына дейін қаһармандардың есімдері көшелерге беріледі. Сұрапыл соғыс жеңімпаздарының ерен ерлігін, шексіз батырлығын жадымызда жаңғырту, оларды мәңгі есте сақтау – қасиетті борышымыз. Жеңіс күні арыстарымызды еске алып, арамыздағы ардақты ардагерлерімізге құрмет көрсету – елдік парызымыз. Арын – байрақ, намысын – найза еткен ерлеріміздің қаһармандығы аңызға айналуда. Бүгінгідей Тәуелсіз ел атанып, еңсеміздің биік болуы, өркендеп-өрістеуіміз де – осы Ұлы Жеңістің жемісі. Аға буынның қайсарлығы мен төзімділігі, табандылығы мен патриоттығының арқасында бейбіт заманда еңбек етіп, ұрпақ өсіріп, жарқын болашаққа қадам басып келеміз.

Батыр бабаларымыз қол жеткізген қасиетті де ұлы ерлік ел жадында мәңгі сақталады! Тәуелсіздігіміз тұғырлы, егемендігіміз еңселі болғай!» – деді аймақ басшысы.

495374217 989342993386945 819666252296633548 n

Салтанатты шарада сұрапыл соғыс жылдары ерлік көрсеткен қаhармандар құрметіне бір минут үнсіздік жарияланып, ескерткішке гүл шоқтары қойылды. Жеңіс туы желбірегелі 80 жыл өтсе де, қасық қаны қалғанша күресіп, кейінгіге бейбіт өмір сыйлаған боздақтардың, хабар-ошарсыз кеткендердің, елге оралған соң еңбек майданында шыңдалған ардагерлердің ерлігі ұмытылмайды.

Рәсімде Парламент Сенатының депутаты Руслан Рүстемұлы құттықтау сөз сөйледі. Қоғам қайраткерлері Нажмадин Түркпенұлы, Айтбай Көшербайұлы игі тілегін айтып, батасын берді.

Сонымен қатар, Жеңісті жақындатуға өлшеусіз үлес қосқан тыл ардагерлері «Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл» мерекелік медалімен марапатталды.

495794954 989342686720309 8764041339216428675 n
495382551 989342746720303 7855909957517405572 n
495561963 989343096720268 6257390439951452765 n
496420216 989342823386962 848562 777

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика