Күні кеше өңірдегі Сырдария, Шиелі аудандары әкімдерінің сайлауы өтті. Сайлаушылар тізіміне 72503 азамат енген. Дауыс беруге 53866 сайлаушы, оның ішінде дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс 718 азамат қатысқан. Кандидаттардың жалпы саны — 6.
Сырдария бойынша Ерлан Бакиров үшін сайлаушылардың 1319 дауысы берілсе, Бауыржан Қарсақбаев сайлаушылардың 1176 дауысын алған. Ал Берік Сарменбаев үшін сайлаушылардың 13386 дауысы берілді. «Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны – 12.
Шиелі бойынша Нұржан Ахатовқа сайлаушылардың 32637 дауысы берілсе, Алмасбек Есмаханов 3143 дауыс алған. Үшінші кандидат Нұрғали Қордабай 2083 дауыс жинаған. «Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны — 3.
Қорытындысында Сырдария ауданы бойынша 1963 жылы туған Берік Сәрменбаев әкім болды.
Шиелі ауданы бойынша 1978 жылы туған Нұржан Ахатов әкім болып сайланды.