Бүгін алғаш рет Президент бастамасымен қолға алынған пилоттық негіздегі Сырдария және Шиелі аудандары әкімінің сайлауы басталды.
Аудан және қала әкімдерін тікелей сайлау Мемлекет басшысының сайлау жүйесін демократияландыру бағытындағы реформаларының бірі.
Екі ауданда 58 сайлау учаскесі құрылған. Мұнда барлығы 388 комиссия мүшесі қызмет атқарады.Таңғы 07.00-де барлық учаске ашылып, өз жұмысын бастады.
Дауыс беру үй жайлары барлық талаптарға сай жабдықталып, бюллетеньдермен қамтылды.Сондай-ақ, мүгедектігі бар азаматтарға қолайлы жағдайлар жасалып, үйден дауыс беруге өтініш қалдырған азаматтар үшін тасымалданатын жәшіктер апарылатын болады.
Айта кетейік, Сырдарияда 22101, Шиеліде 50402 сайлаушы тіркелген.Дауыс беру жергілікті уақыт таңғы сағат 07.00-ден басталып, кешкі 20.00-ге дейін жалғасады.
Қызылорда облыстық сайлау комиссиясы